ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ҒЫЛЫМИ-САРАПШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ

Версия для печатиPDF versionEPUB version

12 маусымда ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ҚХА ХХVІ сессиясының тапсырмаларын орындау бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін ғылыми-сараптамалық қолдау туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Қатысушыларды «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» кітап көрмесімен қарсы алған шараны ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылығының меңгерушісі Леонид Прокопенко сессия тапсырмаларын іске асыруды ғылыми-сараптамалық қамтамасыз ету міндеттерін таныстырып, алғы сөзбен бастады.

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры З. Шаукенова Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қоғамдық – саяси және әлеуметтік бастамаларын ғылыми-сараптамалық қолдау көрсету жөніндегі пікірімен бөлісті.

ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі А. Райымқұлова «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтыруларды іске асыру және сарапшылық қолдау міндеттерін атап өтті.

2018-2020 жылдарға арналған әлеуметтік-демографиялық және этносаралық салалардағы ғылыми жұмыстардың жиынтық жоспарын әзірлеу барысымен Ұлттық экономика вице-министрі М. Жүнісбекова және Дін және азаматтық қоғам вице-министрі Б. Арын таныстырды.

Шара ф.ғ.д., профессор А.Ахметовтың «Ғасыр ғибраты» кітабының тұсаукесерімен аяқталды.  

 

Нұргүл Шатекова

 

Дата события Ассамблеи: 
Wednesday, 13 June, 2018

Add new comment

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Web page addresses and e-mail addresses turn into links automatically.
  • Lines and paragraphs break automatically.