«КАРЛАГ» АРХИПЕЛАГЫ» КӨРМЕСІ

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2016 жылғы 30 мамыр күні сағат 15.00-де Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде (Тәуелсіздік көшесі, 54 үй, уақытша көрмелер залы) Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «КАРЛАГ» архипелағы» атты заманауи өнер туындылары көрмесінің ашылуы өтті.

«КАРЛАГ» архипелағы» – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, з.ғ.д., ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Нұрлан Дулатбеков пен Қазақстанның заманауи суретшілері Айнұр Сәденова, Алмагүл Меңлібаева және Сырлыбек Бекботаевтың көркем-гуманитарлық жобасы.

Жобаның мақсаты – өткен тарихымызда болған қайғылы оқиғалардың табиғаты мен терең мәнін жұртшылыққа жеткізу және  Қазақстанның 1930-1956 жылдар арасындағы кезеңде бұрмаланған тарихын қайта қалпына келтіру, 11 арнайы еңбекпен түзеу лагерьлерінде ұсталған миллионнан астам тұтқынның тауқыметті тағдырын айтып беру болып табылады.

Іс-шараға ҚР Праламенті Мәжлісінің депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ғылыми және шығармашыл зиялы қауымның өкілдері қатысты.

Көрме 2016 жылдың 30 мамыры мен 15 шілде аралықтарында өтеді. 

_________________________

«Қоғамдық келісім» РММ

Баспасөз қызметі:

тел.+7(7172) 74-12-15, 74-12-13

E-mail: info_rgy@mail.ru, www.assembly.kz

КӨРМЕГЕ ҚОЙЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРҒА ҚЫСҚАША СИПАТТАМА

  1. Айнұр Саденованың «Ad INFINITUM» бейнежұмысы – тұтқындардың өлеңдері берілген, оларда ешкім сөйлемей, сол кездегі мән-жайлар тіршілік ету үшін аң сияқты күресуге мәжбүрлеген гулагтық адами келбеттен айыру амалдарына қарсы тұру туралы көп дауыспен берілген үндемеушілік. 
  2. Қазақ бесігінің үлкейтілген мүсіні «Сылдырмақ» - Сырлыбек Бекботаевтың  инсталляциясы, өз кейіпкерін күтіп тұрған үлкен Бесік бар адамды бір мезгілде сыйдыруға дайын, Қазақстан жеріндегілердің барлығын қорғауға арналған символ тәрізді.
  3.  «Қызыл сүзбе» - Сырлыбек Бекботаевтың интернеттен жинап алған, 37-ші жылдары репрессияға ұшыраған «Алаш» партиясы мүшелерінің тарихи портреттері.   Суретша коллаж көркем әдісін пайдалана отырып, оны «Қызыл сүзбе» деп атаған.  Бұл жерде метафора «бұзатын шу сүзбесі» өткен кезеңдегі цензура, жазалау туралы есте қалдыру үшін көркем әдіс ретінде пайдаланған. Патриоттардың портреттерін сала отырып суретші «тану» процесінде өзінің өткен өмірмен байланысын қалпына келтіреді. 
  4. Айнұр Саденованың - «Анашымның зираты» mix media инсталляциясы Қарағанды облысының  Долинка кентіне таяу жерде орналасқан осылай аталатын балалар зиратына арналған. Ол жерде КАРЛАГ тұтқындарының 2000-нан астам сәбиі жаппай жерленген. Сондай-ақ, қыста аналардың қайтыс болған сәбилерін жерлеу мүмкіндігі болмағандықтан, олардың мүрделерін бөшкелерде сақтау туралы сұмдық әңгіме айтылады.   Экспозиция темір бөшкелер мен дыбыстық   композиция түрінде берілген, оларда 25 тілде бесік жырларының әуендері естіледі.  Түрлі халықтардың айтылмаған бесік жырларының нәзік әуені жүйені ана мен балаға қарсы террорын бейнелейтін темір бөшкелердің үстінде қалықтап тұрады.  
  5. Айнұр Саденованың «АЛЖИР» инсталляциясы көйлектердің 40 силуэтінен тұрады, ол өз отбасыларының шырқы бұзылған 18000 әйелге арналады. Көйлектер пішінінің ерекше сипаты бастан кешкен ауыртпалық, жан азабы, қорқыныш, іште бүккен ср туралы баяндайды.    
  6. Алмагүл Меңлібаеваның бейне-АРТ жұмысы – КАРЛАГ бірегей музейі туралы 3 арналы бейне инсталляция.  Сталиндік қуғын-сүргін құрбандары мен куәгерлерінің қазіргі сұхбаттарын суретші қоғамдық орынның жады ретінде бейнелейді.    Фильмде деректі және қойылымдық элементтер кезек беріледі. Олардың біреуі – КАРЛАГ  музейінде Сталин   метафоралық бейнесінің пайда болуы. Бұл «бейнені» суретші  психологиялық әсер үшін экскурсоводтың дәрісінде қосады. Орталық экранда фильм Бориса Годуновтың жады феномены туралы: «Мен үшін өткен өмір – өткенім емес, осы өмірім болып табылады және ең алғашқы күнгідей иығымнан жаншиды …» деген сөзімен аяқталады.
  7. Алмагүл Меңлібаеваның инсталляциясы   атақты «Шанель N5» парфюмі атауымен қойылған  экспозициялары   -  олардың нәзіктігіне, сезіміне, ана болғанына қарамастан қылмыс құрбандары болған бейкүнә әйелдердің жағдайы туралы АЛЖИР тұтқындарының бірінің естелігіне құрылған.  Тұтқын портреті ретінде  Коко Шанельдің портреті алынған. Атақтылық, нәзіктік символының бейнесі қатаң қара-ақ   графикамен орындалып, деректі фотосуреттермен коллаж жасалған.  Портрет тұтқындар киетін арнайы киім - «фуфайкалармен»  қоршалған. Композицияны қазіргі заман әйелдеріне тұтқын әйелдердің сұмдық тарихынан хабар беретін атақты Шанель N5 әтірінің құтысы аяқтап тұр.  
  8. Нұрлан Дулатбековтің КАРЛАГ туралы кітап   инсталляциясы. Кітаптарда  репродукциялар альбомы, фотоальбомдар, очерктер, тарихтар, фактілер, зерттеулер, статистика, кестелер, карталар мен естеліктер жинақталған. Идея авторы өзінің ерекше миссиясы – өздерінің қатал тағдырына, атына таңылған жалаға қарамастан жақсылықтан үміттерін үзбеген және өткен өмірлерінен ұрпақтар сабақ алсын деп осындай естеліктер қалдырған КАРЛАГ тұтқындары: саяси тұтқындар мен әскери тұтқындар туралы шындықты  жеткізуді іске асырғанын атап айтуымыз керек. 
  9.    
  10.    

 

Add new comment

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Web page addresses and e-mail addresses turn into links automatically.
  • Lines and paragraphs break automatically.