БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2015 жылы шілденің 25-нен тамыздың 1-не дейін «Ұлытау» (Алакөл к.) мәдени-лингвистикалық лагері негізінде ҚР Президенті жанындағы "Қоғамдық келісім" РММ Алматы менеджмент Университетімен (Alma Almaty management university) бірігіпҚазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының аясында «Тілдерді үйретудің инновациялық тәсілдері» семинар-тренингін өткізеді.

Семинарға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, "Қоғамдық келісім"  РММ қызметкерлері, ҚР мемлекеттік органдарының өкілдері, Достық үйлер мен этномәдени бірлестіктердің  әдіскер-оқытушылары, Астана және Алматы ққ. аймақтық "Қоғамдық келісім" КММ қызметкерлері, БАҚ және жастар қатысады.

Семинар-тренингті өткізу үшін «Тілдарын», «Қазақ тілін ұлттық салт-дәстүрлер арқылы үйрету» «Тілді дендей оқыту» тез оқыту авторлық әдістері бар мамандар шақыртылған.

Семинардың негізгі мақсаты Қазақстан Респуликасында тұратын этностарды тілдерді тез үйрену техникасымен таныстыру және оны енгізу, этномәдени бірлестіктердің әрекеттеріне біртума әдіскерлік зерттеулерді енгізу, бағдарлама жасау.

Семинар-тренингтің басты ерекшелігі тек теоретикалық оқуда ғана емес, сондай ақ практикалық оқу өткізу. Семинар-тренингтің әрбір қатысушысы түрлі әдістердің әсерін сынайды. Ол үшін әдейі этноәлеуметтік топтар шақыртылған.

Болжамды нәтиже – интерактивті түрде оқу барысында сөйлеу практикасы арқасында тілге икемдікті тез дамыту. Семинар-тренингтің басты шарты - Достық үйлер мен этномәдени бірлестіктердің этно-лингвистикалық мектептерінің әдісекр-оқытушыларына семинар өткізу арқылы әдістерді аймақтарға енгізу. Қатысушыларды оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етеді.

Семинар-тренингте Республикалық және аймақтық БАҚ өкілдері қатысады.

2015 жылы шілденің 15-де «100 қадам» Ұлттық жоспарын жүзеге асыру аясында Республикалық семинар-тренинг қатысушыларына «Тілдерді үйретудің инновациялық тәсілдері» атты «дөңгелек үстел» өткізіледі. Модераторлар: ҚР Президенті жанындағы "Қоғамдық келісім" РММ директор орынбасары Телебаев Ғазиз және «Ұлытау» жобасының ғылыми меңгерушісі - Дос Көшім

***

«Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы Қазақстан халқы Ассамблеясының Жылы 2015 жылдың 15-ші ақпанында басталды. Тіл күні қарсаңында қыркүйек айында  аяқталады.  «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы  түрлі этникалық топтардың мектеп жасына дейінгі балаларға және мектеп оқушыларына қазақ тілі мен мәдени ортасына бой үйретіп, мемлекеттік тілді меңгеруіне, қазақтың тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын бойына сіңіру мүмкіндіктерін көздейді.

_________________

 «Қоғамдық келісім» РММ баспасөз қызметі:

тел.+7(7172) 74-12-15, 74-12-13,

+7707 705 12 11,

E-mail: info_rgy@mail.ru

www.assembly.kz