Этномәдени бірлестіктер арасында «Мейірімділіктен - бірлікке» атты үздік әлеуметтік жобаға конкурс өткізу ЕРЕЖЕСІ

Версия для печатиPDF versionEPUB version
 

 

Этномәдени  бірлестіктер арасында «Мейірімділіктен - бірлікке» атты үздік әлеуметтік жобаға конкурс өткізу

ЕРЕЖЕСІ

 

1.Жалпы ережелер

1.1. Этномәдени бірлестіктер арасында өтетін «Мейірімділіктен - бірлікке» атты үздік әлеуметтік жобаға конкурс (бұдан әрі - Конкурс) Қазақстан халқы Ассамблеясының жылына арналған іс-шаралар аясында өткізіледі.

1.2. Конкурстың құрылтайшысы - Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығы. Конкурстың ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі.

1.3. Осы Ереже конкурсты өткізу тәртібін және жобаларды іріктеу белгілерін анықтайды.

1.4. Конкурстың басталуы туралы 2015 жылғы 6 ақпанда ҚХА жылының салтанатты ашылуы рәсімінде жарияланды.

 

2. Конкурстың мақсаты мен міндеттері

2.1. Конкурстың мақсаты – әлеуметтік мәселелерді шешу жолында жаңа тәсілдер мен технологиялар іздестірудегі этномәдени бірлестіктердің мүмкіндіктері мен жетістіктерін көрсету.

2.2. Конкурстың міндеттері:

- әлеуметтік әріптестікті іске асыру тетіктерін жетілдіру;

- мемлекеттік емес ұйымдардың мемлекеттік билік органдарымен және бизнес-құрылымдармен ынтымақтастығын дамытуға қолдау көрсету;

- ұжымдық шешімдер іздестіру және тұрғындардың аз қорғалған бөлігіне қолдау көрсету бойынша іскерлік байланыстарды және әлеуметтік әріптестік қатынастарды дамыту.

 

3. Конкурсқа қатысушылар

3.1. Конкурсқа еліміздің барлық ЭМБ қатыса алады.

3.2. Әрбір ЭМБ тек бір өтінім бере алады.

3.3. «ҚХА – 20 ізгі іс!» эстафетасы аясында әлеуметтік жобаларды іске асыратын ЭМБ басымдыққа ие болады.

 

4.Конкурс басшылығы

4.1. Конкурсты ұйымдастырушы конкурсқа жалпы басшылық жасайды (бұдан әрі  – Ұйымдастырушы).

4.2. Өңірлерде конкурсты Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылықтары немесе облыстардың, Астана мен  Алматы қалаларының «Қоғамдық келісім» КММ-і ұйымдастырады.

4.3. Ұйымдастырушы:

         -    осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

-        конкурстық комиссияны құрады және комиссия құрамын, өтінімдерді бағалау жүйесін және белгілерін бекітеді;

-        конкурстың өткізілу тәртібін анықтайды және конкурс жеңімпаздарын марапаттауды қамтамасыз етеді;

-          конкурс қорытындыларын бекітеді;

  • www.assembly.kz сайтында конкурстың жариялануы туралы ақпарат орналастырады, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы конкурстың қорытындылары туралы ақпарат береді.

4.4. Конкурс жеңімпаздарын анықтау мақсатында Ұйымдастырушы қатысушылардан қосымша ақпарат алуға құқылы.

4.5. Конкурстық комиссия:

- конкурсқа тіркелген өтінімдердің сараптамасын жүргізеді;

- жеңімпаздардың тізімін жасайды.

 

5. Конкурсты өткізу тәртібі мен мерзімі

5.1. Конкурс 2015 жылғы 6 ақпаннан бастап желтоқсанға дейін, III кезеңмен өткізіледі:

- өңірлік кезеңі облыстар мен Астана және Алматы қалалары деңгейінде конкурстық өтінімдерді жинау мен талдауды қамтиды. Конкурсқа қатысу туралы өтінімдер 2015 жылғы ақпан айынан бастап 1 қыркүйекке дейін өңірлік «Қоғамдық келісім» КММ-не немесе Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылықтарына жіберіледі. Конкурсқа жіберілген жобаларды талдау қорытындысы бойынша, іріктелген өтінімдер конкурстың республикалық кезеңіне қатысуға жіберіледі;

- республикалық кезеңі – 2015 жылдың қазан–қараша айларында өткізіледі.

- үшінші кезең – жеңімпаздарды марапаттау, 2015 жылғы желтоқсан айында өткізіледі.

5.2. Өңірлік «Қоғамдық келісім» КММ-і немесе Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық және Астана мен Алматы қалаларындағы хатшылықтары 2015 жылғы 30 қыркүйекке дейін ұйымдастырушының мекенжайына өңірлік кезеңнің конкурс жеңімпаздарына толтырылған өтінімді (1 Қосымша) жолдама хатпен қоса, өңірлік конкурстық комиссия отырысы хаттамасының көшірмесімен бірге электрондық және баспа түрінде жібереді.

5.3. Өңірлік кезеңнің жеңімпаздарының конкурстық өтінімдерін келесі мекенжайға жіберу қажет: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы,  Орынбор көшесі 8, Министрліктер үйі, 13-кіреберіс, 791 каб. Тел. 8 (7172)741291.

5.4. Қатысушылар конкурс қорытындысы туралы ақпаратты жазбаша хабарландырумен немесе электрондық пошта арқылы қатысушының көрсеткен мекенжайына алады.

5.4. Конкурсты ұйымдастырушыға конкурстық өтінімдерді қабылдау уақыты аяқталғаннан кейін келіп түскен немесе конкурс талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдер конкурсқа қатыстырылмайды.

5.5. Конкурсқа жіберілген материалдарға пікір жазылмайды және қайтарылмайды.

 

6. Конкурстық өтінімді ресімдеу талаптары

6.1. Қатысушының конкурсқа қатысуға өтінім беруі осы Ережемен белгіленген конкурсқа қатысудың талаптары мен шарттарына келісімін білдіреді.

6.2. Конкурсқа қатысуға түскен өтінім басшының қолы қойылып, мөрі басылып, расталған, осы Ереженің 1 қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған болуы тиіс.

6.3. Конкурсқа қатысуға өтінімді конкурстың өңірлік ұйымдастырушысына конкурстың атауы мен жіберушінің деректерін көрсетіп электронды түрде, сонымен қатар, жабық хатқалтамен жіберуге болады.

6.4. Конкурсқа қатысуға түскен өтінімді конкурсты ұйымдастырушы өтінімнің келген күні мен уақытын көрсетіп, конкурсқа қатысуға тіркейді.

6.5. Конкурсқа қатысуға түскен өтінімдер осы Ережемен қарастырылған талаптар бұзылған жағдайда қабылданбайды және тіркелмейді.

 

7. Жобаларды іріктеу белгілері

7.1. Конкурсқа қатысуға жүзеге асырылған жобалармен қатар, жобалық идеялар да қабылданады.

7.2. Конкурсқа ұсынылған жобалардың:

· қоғамдық маңызы болуы және қолданыстағы заңнамаларға қайшы келмеуі;

  • конкурстың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келуі;
  • айқын тұжырымдалған мәселе болуы;
  • нақты, маңызды нәтижелі болуы;

· өңірлік ерекшеліктерді ескеруі;

  • жобаны іске асыру тетіктерінің күтілетін нәтижелерге сәйкес келуін сақтау;
  • жобаны дамыту және таралымын көбейту мүмкіндігі болуы;
  • жобаның тиімділігін анықтауға мүмкіндік беретін (сандық және сапалық) индикаторлары болуы міндетті.

 

7.3. Жобаны бағалау кезінде келесі белгілері ескеріледі:

  • жобаның түпнұсқалығы;
  • жобаның өзектілігі;
  • жобаның инновациялық сипаты;
  • жобаның шындыққа негізделген болуы;
  • жобаның серіктестік сипаты болуы;
  • өтінімнің әзірлену сапасы.

 

 

8. Конкурс қорытындысын шығару

8.1. Ұйымдастырушы конкурс жеңімпаздарын 2015 жылдың желтоқсан айында www.assembly.kz  сайтында жариялайды.

8.2. Конкурс жеңімпаздары Қазақстан халқы форумында марапатталады.

8.3. Конкурс қорытындылары бойынша жеңімпаздарға шақыру хаттары жіберіледі.

1 Қосымша

 

Этномәдени  бірлестіктер арасында «Мейірімділіктен - бірлікке» атты үздік әлеуметтік жобаға өтетін конкурсқа қатысуға

ӨТІНІМ

 

1. Ұйым туралы ақпарат:

- облыс

- елді мекен

- ұйымның атауы

- ұйым басшысының тегі, аты-жөні

- мекенжайы

- телефоны

  • E-mail:
  • ұйымның тіркелген күні мен орны
  • жобаларды іске асыру тәжірибесі

2. Жобаның аты

3. Жобаның қысқаша сипаттамасы, маңызы

4. Жобаның мақсаты мен міндеттері

5. Мақсатты топ,  сапалық және сандық құрамы

6. Жоба бойынша қызметті сипаттау, іске асыру жолы

7. Күтілетін нәтижелер, іске асыру тиімділігі

8. Жобаның жалпы бюджеті

9. Ұйым басшысының тегі, аты-жөні:

Күні: «___» _____________ 2015 ж.                         

 

Басшының қолы

Ұйымның мөрі

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.