Тұңғыш Президент – Ұлт Көшбасшысының тестіне арналған «Ұлт рухы» («Дух Нации») атты республикалық жоба

Версия для печатиPDF versionEPUB version

 

 

Тұңғыш Президент – Ұлт Көшбасшысының тестіне арналған

«Ұлт рухы» («Дух Нации») атты республикалық жоба

 

Жобаның құрылтайшылары:

- Қазақстан халқы Ассамблеясы.

- ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, олимпиада чемпиондары және Қазақстанның спортшылары;

Жобаның үйлестірушілері:

- ҚР Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ.

- ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитеті;

Жобаны орындаушылар:

- облыстардағы, Астана мен Алматы қалаларындағы ҚХА-ның өңірлік хатшылықтары, этномәдени бірлестіктер.

-  облыстардағы, Астана мен Алматы қалаларындағы мәдениет, білім, дене тәрбиесі және спорт басқармалары.

Жобаның орындалу мерзімі:

Жобаның басталуы туралы 2015 жылғы 6 ақпанда ҚХА жылының салтанатты ашылуы рәсімінде жарияланды және 2015 жылғы 1 желтоқсанға дейін жалғасады.

Өткізілетін орны:

«Ұлт рухы» жобасы Қазақстанның барлық өңірлерінде өткізіледі.

Жобаны өткізу негіздемесі:

Қазақстанда бұқаралық спортты дамытуға, спорттың әлеуметтік және экономикалық маңызын арттыруға, спорт сайыстарына қатысуда теңдік орнатуға айрықша маңыз беріледі.

Болашақта салауатты өмір сүру және өсіп-өркендеу үшін балаға жас кезінен бастап, дене шынықтыру мен спорттың маңызын түсіндіріп, күнделікті өмірде спорттық белсенділікті арттыруға ықпал ету қажет.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, олимпиада чемпиондары және Қазақстан спортшыларының бастамасымен өтетін «Ұлт рухы» атты жоба Президент тестілерін тұрғындар арасында кеңінен таратуға бағытталған.

Жобаның мақсаты:

Адамның дене тәрбиесі мен рухани жан-дүниесін сауықтырып, салауатты өмір салтын ұстануға дағдыландыруды қалыптастыру.

Жобаның міндеттері:

- 5 миллион  қазақстандықтарды  спорттық нормативтерді тапсыруға тарту;

-оқушы жастардың дене шынықтыру тәрбиесінің сапасын арттыру;

-спортқа жағымды көзқарас қалыптастыру;

- жастардың бойында толеранттылықты, бір-бірімен жылы қарым-қатынас орнатуға тәрбиелеу.

Жобаға қатысушылар:

-дене шынықтыру мен спортпен айналысуға жарайтын жеке тұлғалар;

-мектеп оқушылары;

-оқушы жастар;

-студенттер;

-ЭМБ.

Жобаның мәні:

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысының тесті балалар, жастар және ересек тұрғындардың дене шынықтыру дайындығының нормативтік  талаптары жиынтығын құрайды.

Тесттер күштілік, төзімділік, жылдамдық және ептілікті көрсететін дене шынықтыру жаттығуларының түрлерінен және қатысушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі деңгейлерден тұрады.

Тестілердің дене шынықтыру жаттығулары келесі спорт түрлерін қамтиды:

-әр түрлі дистанцияларға жүгіру;

-ұзындыққа секіру;

-турникке тартылу;

-денені әр түрлі қалыптан көтеру;

-ату;

- шаңғымен әр түрлі дистанцияға жарысу;

-доп лақтыру;

- жүзуден әр түрлі дистанцияға жарысу.

Жобаның бағдарламасы:

Тестілер 2 деңгейден тұрады:

1) Президент деңгейі;

2) Ұлттық дайындық деңгейі.

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысының тестілер нормативі 2014 жылғы 21 қарашадағы ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. Бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысының тестілерін өткізу ережелерінде» келтірілген.

Тестілерді тапсыру мерзімі - маусымдық: жазғы спорт түрлері бойынша  сәуір-мамыр, қысқы спорт түрлері бойынша  ақпан-наурыз айларында тапсырылады.

Ақпарат беру:

- Жоба үлгісі бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде таратылады.

- Қазақстан халқы Ассамблеясының www.assembly.kz, ресми сайтында жаңалықтар жазылған арнайы бет қызмет көрсетеді.

- Қорытынды баспасөз конференцияларын өткізу жоспарлануда.

 

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.