Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған “Тарихтан тағылым – өткенге тағзым” (“Келешек үшін естелік”) республикалық жоба туралы ЕРЕЖЕ

Версия для печатиPDF versionEPUB version
 

 

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған “Тарихтан тағылым – өткенге тағзым” (“Келешек үшін естелік”) республикалық жоба туралы

ЕРЕЖЕ

 

1. Жалпы ереже

1.1. Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған “Тарихтан тағылым өткенге тағзым” (“Келешек үшін естелік”) республикалық жоба, (бұдан әрі – Жоба) Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын және Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын ұйымдастыру және өткізу бойынша Ұлттық шаралар жоспарын және ҚХА даму Тұжырымдамасын (2020 жылға дейінгі)  іске асыру аясында өткізіледі.

1.2. Жобаның құрылтайшысы - Қазақстан халқы Ассамблеясы болып табылады. Жобаны ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы “Қоғамдық келісім” республикалық мемлекеттік мекемесі. Ұйымдастыру бойынша серіктес ұйым – “Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық мектебі” РМҚК.

1.3. Осы Ереже Жобаның жүзеге асыру барысын анықтайды.

1.4. Жоба 2015 жылғы 6 ақпанындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының салтанатты ашылу барсында басталды.

 

2. Жобаның мақсаты мен міндеттері

2.1. Жоба ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып, Отанға адал қызмет

еткен қазақстандықтардың есімін мәңгі есте сақтау мақсатын көздейді.

2.2. Жобаның міндеттері

  •  жастар ұйымдары мен өскелең ұрпаққаәскери-патриоттық

тәрбие беру бойынша бірлескен іс-шаралар өткізу жөнінде республикалық орталықтар және үйлестіру кеңестерімен өзара байланысты одан әрі дамыту;

  • жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ұлтаралық

татулық пен толеранттылық қасиеттерін дарыту.

 

3. Жобаға қатысушылар

3.1. Жобаға жастар ұйымдарының өкілдері, балалар үйлерінің

тәрбиеленушілері, аула клубтарының мүшелері, студенттер қатыса алады.

3.2. Жобаның бағыты бағыты бойынша жұмыс топтары құрылады.

 

4. Жобаға жетекшілік

4.1. Ұйымдастырушы Жобаға басшылық жасайды.

4.2. Өңірлік деңгейде Жобаны Қазақстан халқы Ассамблеясының

Астана, Алматы қалалары мен облыстардағы Хатшылықтары мен  “Қоғамдық келісім” КММ ұйымдастырады.

4.3. Ұйымдастырушы:

  • Ережеге өзгертулер мен толықтырулар енгізеді;
  • Жұмыс тобының құрамын анықтайды және бекітеді;
  • Жобаның өткізілу тәртібін анықтайды және жобаға

қатысушыларды марапаттауды қамтамасыз етеді;

  • Жобаның нәтижесін бағалайды;
  • www.assembly.kz сайтында мәліметтер орналастырады, БАҚ-та

Жоба туралы ақпараттар жариялайды.

 

5. Жобаны өткізудің тәртібі мен мерзімі

5.1. Жоба 2015 жылғы 6 ақпаннан бастап, 1 желтоқсанға дейін жыл

бойы өткізіледі.

5.2. Жоба келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

5.2.1. Жобаны іске асыру барысында Ұлы Отан соғысына қатысып, қаза

тапқандардың, эвакогоспитальда жарақаттан қайтыс болғандардың зираттарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.

5.2.2. «Батырларға және қасиетті жерлеу орындарына бас иеміз» акциясын

өткізу, Ұлы Отан соғысы майданында қаза тапқан жерлестерімізге ескерткіш орнату.

5.2.3. Ленинградты қорғауға қатысқан қазақстандық жауынгерлерді қаза

тапқан жауынгерлер зиратына тағзым жасауға мүмкіндік жасау.

5.2.4. Өлкетану-іздеу жұмыстарын жандандырып, қазақстандық әскери

құрамалардың жауынгерлік ерліктері бойынша іздестіру жұмыстарын жүргізу.

5.2.5. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 20 жыл толуы және

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған автошерус өткізу.

5.3. Жоғарыда көрсетілген шараларға қатысуға тілек білдірушілер

Жобаны ұйымдастырушыларға өтінім бере алады.

 

6. Өтінімді рәсімдеу талаптары

6.1.Жобаға қатысуға өтінім беру қатысушының осы Ережемен белгіленген талаптары мен шарттарына келісімін білдіреді.

6.2.Жобаға қатысуға түскен өтінім

  • Қатысушы толтырып, қолы қойылған (жеке тұлға үшін); басшының қолы қойылып, мөрі басылып, расталған (заңды тұлға үшін)  осы Ереженің 1 қосымшасына сәйкес толтырылған болуы тиіс.

6.3.  Жобаға қатысуға өтінімді жобаны өңірлік ұйымдастырушысына жобаның атауы мен жіберушінің мәліметтерін көрсетіп электронды түрде, сонымен қатар, жабық конвертпен жіберуге болады.

6.4.Жобаға қатысуға түскен өтінімді Ұйымдастырушы өтінімнің келген күні мен уақытын көрсетіп, конкурсқа қатысуға тіркейді.

6.5. Жобаға қатысуға түскен өтінім осы Ережемен қарастырылған талаптар бұзылған жағдайда қабылданбайды және тіркелмейді.

 

7. Жобаның қорытындысын шығару

7.1. Жобаның қорытындысы 2015 жылғы желтоқсан айында шығарылады.

7.2. Жобаға қатысушылар алғыс хаттармен марапатталады.

7.3. Жобаның қорытындысы www.assembly.kz сайтында жарияланады.

 

Ұйымдастырушының байланыс ақпараттары:

Мекенжай: 010000, Астана қ., Есіл ауданы, Орынбор к-сі, 8 үй (Министрліктер Үйі), 13 кіреберіс, 683 кабинет.

Тел.: 8 (7172) 74-12-80

 

Қосымша 1

Қатысуға өтінім беру

  1. Қатысушының аты-жөні, тегі
  2. Жасы
  3. Оқу, жұмыс орны
  4. Әлеуметтік маңызы бар жобаларға қатысу тарихы
  5. Осы Жобаға қатысу мақсаты бойынша негіздеме жасау
  6. Жобаға қатысудан күтетін нәтижесін сипаттау
  7.  Байланыс ақпараттары (мекенжай, телефон, e-mail)

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.