«ҰОС ардагерлеріне арналған ашық хат пен өлең түріндегі құттықтау» жастар арасындағы онлайн-конкурсының ЕРЕЖЕСІ

Версия для печатиPDF versionEPUB version

 

«ҰОС ардагерлеріне арналған ашық хат пен өлең түріндегі құттықтау» жастар арасындағы онлайн-конкурсының ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

1.1. Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған үздік өлең түріндегі құттықтау мен ашық хат дизайны бойынша «Ардагерге ашық хат» онлайн-конкурсы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын насихаттайтын қоғамдық-патриоттық кампания аясында өткізіледі.

1.2. Конкурстың басты мақсаты – қазақстандық жастар бойында патриоттық құндылықтарды қалыптастыру, жас буынның тарапынан ардагерлерге қамқорлық көрсету мен назар аудару.

1.3. Конкурсты ұйымдастырушы – «Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоры» қоғамдық қоры.

Серіктес – «Жарасым» РЖҰ.

1.4. Аталған Ереже конкурсты өткізу тәртібі мен шарттарын белгілейді.

 

2. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар

2.1. Конкурсқа 14 пен 29 жас аралығындағы Қазақстан жастары қатыса алады.

2.2. Бір конкурсқа қатысушы бір өтінім ғана бере алады.

2.3. Конкурс ұйымдастырушыларына өтінім жолдай отырып, қатысушы, өзі ұсынған ашық хат дизайнының барлық авторлық құқықтары тек оған ғана тиесілі екенін және конкурсты өткізген кезде бұл суреттерді қолдану үшінші жақ тұлғаларының мүліктік және/немесе мүліктік емес құқықтарын бұзбайтынын растайды.

 

3. Конкурсты өткізу уақыты

3.1. Конкурс кезеңдер арқылы өткізіледі:

2015 жылдың 20 маусымынан 12 шілдесіне дейін – өтініштерді қабылдау, қатысушыларды тіркеу.

2015 жылдың 12-17 шілдесі аралығы – онлайн дауыс беруді өткізу.

2015 жылдың 17-20 шілдесі аралығы – конкурсты қорытындылау.

 

4. Конкурсты өткізу шарттары

4.1. Конкурсқа қатысу үшін қосымшадағы сипатқа сай өтінім жолдау қажет. Өтінім электрондық түрде 2015 жылдың 12 шілдесіне дейін (қоса алғанда) келесі электрондық пошта мекен-жайына жіберіледі: ankfond@mail.ru.

4.2. Өтінімге ашық хат нобайы мен электрондық түрдегі өлең-құттықтау қоса беріледі. Жіберілетін ашық хат нобайының техникалық өлшемдері: .jpeg өрісі, ұзын жағындағы өлшем 420 мм және 300dpi немесе ұзын жағында 4961 пиксель және 300dpi, бір суреттің шекті көлемі – 4 Mb.

Конкурсқа ұсынылатын ашық хат нобайы ашық хаттың беткі жағын көрсетуі тиіс. Нобайды кез-келген графикалық редакторда жасауға болады.

4.3. Конкурсқа жіберілген барлық ашық хат нобайлары, Қазақстан халқы Ассамблеясының www.assembly.kz және әлеуметтік желідегі «Жарасым» РЖҰ ресми аккаунттарында жарияланады.

4.4. Қажет болған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы, конкурс қатысушысынан қосымша ақпарат сұрата алады.

4.5. Конкурсқа қатысқаны үшін ақы алынбайды, жұмыстарға пікір білдірілмейді, коммерциялық емес қолдану құқығымен ұйымдастырушылар иелігінде қалады.

4.6. Ұйымдастырушы, қосымша түсініктеме берусіз, талаптарға сәйкес келмейтін өтінімдерді конкурсқа жібермеу құқығына ие.

 

5. Қорытындылау

5.1. Ашық хаттың үздік нобайына онлайн дауыс беру 2015 жылдың 12-17 шілдесі (қоса алғанда) аралығында Қазақстан халқы Ассамблеясының сайтында өтетін болады www.assembly.kz.

5.2. Ашық хат нобайы неғұрлым көп дауыс («лайк») жинаған бағын сынаушы, конкурс жеңімпазы болып танылады.

5.3. Үздік ашық хат көбейтіліп, барлық ҰОС ардагерлеріне жіберіледі. Конкурс жеңімпазына диплом мен естелік сыйлық табысталады.

 

1. Конкурсқа қатысушы – жеке тұлға сауалнамасы:

 

ҰОС ардагерлеріне арналған ашық хат пен өлең түріндегі құттықтау жасау жөніндегі қатысушы

САУАЛНАМАСЫ

 

  1. Тегі, аты, әкесінің аты
  2.  
  3. Туған күні, айы, жылы
  4.  
  5. Жұмыс (оқу) орны, қызметі
  6.  
  7. Пошталық мекен-жайы, байланыс телефоны
  8.  

__________________________________________________________________

  1. Жоба атауы
  2.  

 

Қолтаңбасы_______________    Қолтаңба түсініктемесі____________________

 

Уақыты _______________________

 

 

 

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.