Грузиндер

Қазақстан  жерінде  алғашқы  грузин  этносының  өкілдері ХІХ ғасырда келді. Грузин халқы өкілдерінің жаппай көші-қоны өткен жүзжылдықтың 20-30 жылдарында өтті. Көптеген грузин ЖОО-дан кейін арнайы жолдамалармен  тың  және  тыңайған  жерлерді  игеру кезінде келді. Қазақстан  аумағында  шашыраңқы  тұрады,  этностың  үлкен  бөлігі  Оңтүстік  Қазақстан облысында тұрып жатыр.

2003  жылы  мұнда  Грузин  мәдени  орталығы  құрылды. Орталық Қазақстандағы Грузия елшілігімен  байланысып  тұрады,  оның  жанынан  би  және  вокалдық ұжымдары құрылған. Этнос өкілдері ұлттық мерекелерге, көрмелерге, этникалық фестивальдарға қатысып тұрады. Бірде-бір мереке «Иверия» ән және би ансамблінің қатысуынсыз өтпейді. Алматыда  жексенбілік  мектеп  бар,  ынта  білдірушілердің бәрі де грузин тілін тегін үйрене алады.

Ұлттық киімдері ерлер: «перанги» деп аталатын жейде, нипхави, шарвали (шалбар), чоха (сырт киім) мен бешпент тәрізді ахалухи киеді. Қыста тон (ткави), бөрік (надаби),  бас киім (надбис куди), аң терісінен жасалған қалпақ пен башлык (кабалаки, пананаки) киеді. Әйелдер жейде (перанш) мен ұзын шалбар (шеидиши), белін белбеумен буынатын ұзын көйлек (картули каба) киген.