Беларустар

Қазақ жерінде алғашқы белорустар ХIХ ғасырда келе бастады. Содан кейін Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде Беларусиядан қоныс аударушылар комсомолдық жолдамамен келді.

Қазақстанда қазір бірнеше этномәдени орталықтар жұмыс  істейді,  соның  ішінде  Астанада  «Беларусь»  этномәдени орталығы, «Спадчына» белорус мәдени қоры және тағы басқалары бар. Орталық жұмысының басты мақсаты – белорустарды рухани бірлік негізінде топтастырып, өз тілін, мәдени әдет-ғұрыптарын, дәстүрлерін, ұлттық сана-сезімін сақтап қалу болып табылады.

Этномәдени  орталықтың  қызметін  Президент  Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі Қазақстанның қоғамдық, саяси және экономикалық өміріне белсене қатысқаны үшін алғысын білдірген болатын.Бірлестіктің  жанында  «Вяселка»  фольклорлық  ансамбль  мен  «Белорусские  девчата»  би  ұжымы  құрылды. 

Белорус халқының қалыптасуы барысында өзіндік өзгешелікке ие бола бастады. Айқын өзгешелік ұлттық киімдерінен де көрінеді, ондағы ерекше белгі – ақ түстің кең таралуы. Жейделер, әйелдердің жазғы белдемшелері мен ерлердің шалбарлары ғана емес, сонымен қатар көп жағдайда сыртқы, жылы киімдер де ақ болып келді. Ерлердің костюмы ғасырлар бойында аз ғана өзгеріске ұшырады: етегі сыртқа шығарылған, ашық түсті тоқылған немесе өрілген белбеумен белбеуленген, оюмен өрнектелген жейде, кең пішілген кенептен немесе шұғадан тігілген шалбар, кейде сыртында жеңсіз киіледі.  Әйелдер костюмы ерекше көркем болып келеді: ашық екі түсті немесе көп түсті, ұнамды – қара мен жасыл түстер қосылған қызыл және ақ түсті оюмен өрнектелген жұқа зығырдан тігілген жейде. Кенеп белдемшенің сыртынан жүнді немесе жартылай жүнді андарак – яғни, ала немесе торкөзді матадан тігілген белдемше киген. Міндетті атрибут – кестеленген немесе шілтермен көркемделген алжапқыш. Және тағы да осындай қосымша – жекелеген әдіспен пішілген барқыттан, қамқадан, атластан тігілген жеңсіз. Свита, жупандар, қой терісінен жасалған былғары киімдер – жылдың суық мезгіліне арналған сыртқы киімдер. Аяқ-киімдері – лапти, етіктер, ботиники, пима. Бас киімдері - әйелдерде өзгеше кенеп орамалдар, сабаннан тоқылған, дөңгелек кең өңірлі шляпалар, киіз және қой жүнінен жасалған шапкалар.

Белоруссиядан келген алғашқы тың игерушілер. 1954 ж.

Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевпен бірге

«Белорусь» мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі. Павлодар облысы