Ұйғырлар

Ұйғыр этносының  өкілдері  Қазақстан  аумағына  1860-1880  жылдары  Қытайда  болған  ұйғыр  көтерілісі  талқандалғаннан  кейін  қоныстана  бастады.  1960  және  1970  жылдары  КСРО  мен  ҚХР  арасындағы  шекара  ашық  болған  кезеңде  Қазақ  КСР-іне қоныс аударушылардың екі толқыны келді. Олар, негізінен, Алматы және Талдықорған облыстарына орнығып қалды.

 «Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі ұйғыр мәдениетінің дәстүрі мен тілін сақтау және тарату орталығы болып табылады. бар.  Қазақстан  Республикасы  Ғылым  академиясының  Шығыстану  институты  жанында  ұйғыртану  және  ұйғыр жазушыларының бөлімшесі жұмыс істейді. Ұлттық бұқара-медиа ұйғыр этносының өкілдері шоғырлана орналасқан жерлерде жинақталған. Алматы мен Алматы облысында ұйғыр тілінде 11 БАҚ шығып тұрады, Қазақ радиосында апта сайын хабар тарататын редакция жұмыс істейді.

Болашақ ұрпақтың бойындағы ұлттық сана-сезімді тәрбиелеудегі маңызды элементтердің бірі – тіл мектептері.  Республикада  14  мектеп  балаларды  ұйғыр  тілінде оқытады, 50 мектепте ұйғыр тілінде оқытатын сыныптар  бар.  Ұйғыр халқы монументалды діни сәулет өнері, музыкалық және әдеби шығармалар, бейнелеу өнері, әсіресе  миниатюралық  кескіндеме  сынды  бай  әрі  өзіндік  мәдениетке  ие.  Бұл  Құддыс  Қажамяров  атындағы  Мемлекеттік  республикалық  ұйғыр  музыкалық комедия театрын құруға негіз болды. Ол ұйғыр халқының әлемдегі тұңғыш және жалғыз кәсіби театры. Мұнда төрт труппа: драмалық, «Нова» фольклорлық тобы, «Яшлык» эстрада тобы мен балет труппасы жұмыс істейді.

Ұйғырлардың дәстүрлі киімдері әртүрлі болып келеді. Ерлердің костюмі енсіз, тік жағалы көйлектен (койнек), балағын етіктің ішіне салып киетін кең шалбардан (тамбал), көйлектің сыртынан киетін қысқа бешпенттен, оның сыртынан киетін енсіз, тік жағалы және тар жеңді шапаннан тұрады. Шапанның сыртынан мақта-матадан жасалған белбеу (бэлваг) байлаған. Аяқтарына ұзын қонышты, тар,  жұмсақ мәсі (мэсэ) киген. Жаздық баскиім – тақия (допа), ал қыс кезінде шұғадан немесе қойдын жүнінен жасалған бас киім (топа), ал байлар болса кәмшат,бұлғын, құндыз терісімен жұрындалған шұға бөрік киген.

Ал әйелдер мақта-матадан тігілген кішкентай тік жағалы, ұзын туника тәріздес көйлек, тобығына қарай тарылған кең шалбар киген. Ал көйлектің сыртынан үйде жүргенде немесе көшеге шыққанда көбінесе ұзын, тізеге дейін жететін, жеңсіз, түймесіз камзол (кэмзел) киген. Аяқтарына галошпен жұмсақ етік киген. Тақия киген немесе бас орамал тартқан, ал қыста тері жұрындалған бөрік киген.

Ф. Хасанов, ұйғыр мәдени орталығының төрағасы суретші Д. Құрбановтың көрмесінде. Алматы қ., 1997 ж.

Қазақстандағы этномәдени орталықтардағы ұйғырлардың шығармашылық ұжымы

Оралдағы ұйғырлар

«Яшлык» Ұйғыр вокальді- иструментальді ансамблі.1970 ж.