Кәрістер

Қазақстан аумағына алғашқы кәріс қоныс аударушылары ХIХ ғасырдың соңында келді. Одан соң кеңестік кезеңде 200-ден астам корей күрішшілері Қызылорда облысына келді. Олар 1929 жылы Қазақ күріші  колхозын  құрды.  1937  жылы  кәріс  Қиыр  Шығыстан күштеп көшірілді және нәтижесінде 100 мыңға жуық кәрістер Қазақстаннан бір-ақ шықты.

 Олар, негізінен, ірі қалаларда, үштен екі бөлігі Жетісуда орын тепкен. Депортацияланған  кәрістер,  негізінен,  ауылшаруашылығымен айналысты. Сөйтіп, отандық күріш өсіру  ісіне  және  көкөніс  өсіруге  айтарлықтай  үлес  қосты. Кеңестік кезеңде қазақстандық 67 корей Еңбек Ерінің Алтын жұлдызын алды.

Этникалық мәдениеттің негізгі элементтері, әсіресе әдет-ғұрып ерекшеліктері мен ұлттық рухани азық ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған. Дегенмен бірқатар этникалық белгілердің жоғалып кеткеніне, ұлттық-аралас отбасылар үлесінің жоғарылығына  қарамастан  кәрістер  өздерінің  этникалық  ұқсастықтарын берік сақтауды жалғастырып келеді.Мемлекет толық немесе ішінара болса да кәрістердің кәсіби екі мәдени ошағына – театры мен «Коре ильбо» газетіне субсидия бөлуді жалғастыруда. Өйткені шығармашылық интеллигенция осы екеуінің төңірегіне шоғырланған.

Корей халқының киімдерінде де өзіндік ерекшеліктері бар. Ерлер киімі — кең пішілген кеудеше, кең балақты шалбар. Костюм әдетте ақ матадан тігіледі. Шалбар белінен оралады, қызыл асықтан тоқыма баумен байланып, ақ шұлыққа сұғындырылып қойылады. Әйелдер киімі жіңішке ұзын жеңі бар кофтадан, белін жалпақ белбеумен байлап қоятын кең етекті тігілген юбкадан тұрады. Балалар киімдері де пішілуі мен тігілуі жөнінен үлкендердің киімінен көп ерекшеленбейді. Ұлттық киім үлгілері осы уақытқа дейін бастапқы қалпын сақтап келеді. Әйелдері мереке күндері киетін киімдердің бояуының түрлі-түсті болуына мән берген. Қыз балалардың мерекелік киімі қызыл түсті юбка және ашық қызғылт түсті кофтадан тұрады. Ерте кезде шаруалар аяқтарына жуан иірілген жіптен немесе соломнан тоқылған сандал, ал жауынды күндері өкшесі биік етіліп ағаштан ойылып жасалған аяқ-киім киетін болған.