Дүнгендер

Оңтүстік Қазақстанның аумағында 60 мыңға жуық  дүнген  тұрып  жатыр.  Бүгінгі  күні  дүнгендер,  әсіресе  Жамбыл  облысында  көбірек  орналасқан.  Диаспораның  80%-ы  осында  тұрады. Негізінен егіншілікпен, саудамен, қызмет көрсетумен айналысады.

 Дүнгендердің шығу тарихы мен Жетісуға қоныстануы «Дүнгендер. Тарихи-этнографиялық  зерттеулер»,  «Кеңестік  дүнгендер  тарихының очерк тері», «Қырғызстан мен Қазақстан аумағына дүнгендерді қоныстандыру» атты кітаптарда, «Потомки Биянху» және «Дүнген симфониясы» фильмдерінде көрсетілген.

Қазақстан дүнгендерінің республикалық этномәдени бірлестігі дүнген мәдени орталықтарының қызметтерін үйлестіріп  отырады. Қауымдастықтың  бастамасымен  халық  батыры  М.А.Бийянхудың 170 жылдығына орайластырылып, Орталық Азияда жалғыз 1862-1877 жылдардағы Дүнген көтерілісінің  құрбандарына  арналған  мемориалдың  ашылу салтанаты болды. Қазақстанда жалғыз ұлттық тілді  оқытатын  әдістемелік  орталық  құрылған.  Онда  дүнген  жазуын  дамыту  мәселелеріне  арналған  халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар тұрақты  өткізіліп  отырады.

Ерлер мен әйелдердің ұлттық киімдерінің үлгісі ұқсас келеді. Желбегей киетін кеудеше, кең балақты шалбар, матамен қапталған аяқ киім киеді. Әйелдер киімі кестемен әшекейленген.

Қазақстандағы дүнгендердің этномәдени орталығы