Поляктар

Поляк  қоныс  аударушыларын  Солтүстік  Қазақ-станға орналастыру ХІХ ғасырдың аяғында-ақ басталған. Поляктарды Қазақстанға 1936-1956 жж.  қоныстандырудың  басты  себебі  30  жылдардың  ортасындағы  репрессиямен  және  ІІ  Дүниежүзілік  соғыстың басталуымен байланысты болды.Бүгінгі Қазақстанда 50 мыңға жуық поляк тұрады. Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарын-да басымырақ. Республиканың барлық өңірлерінде де шашыраңқы тұрады.

Поляк этносы құрамына 13 мәдени орталықты енгізіп отырған Қазақстан поляктарының одағы деп аталатын құрылымға біріккен. Одақтың басты міндеттері: мәдени-ағартушылық жұмыстар, ұлттың тілін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін және мәдениетін сақтау мен қайта түлету, өздерінің тарихи отанымен байланысты қалпына келтіру, ұлттық шығармашылықты насихаттау. Солтүстік Қазақстанда «Полония» телеарнасы бірнеше жылдан бері спутник арқылы хабар таратып келеді.

Поляктардың әр аймағына тән өзіндік ұлттық киімдері бар. Оларды тігу үшін  негізгі шикізат ретінде жүн, зығыр мен кендір талшығы пайдаланылады, сондықтан да  бүкіл ұлттық киімдері берік, ұзаққа шыдамды және ашық түсті болып келеді. Әйелдердің кең де бүрмелі, жолақ немесе гүл өрнекті белдемшелері сирек жағдайда плисселенетін. Белдемшелердің астынан қосымша бірнеше  белдемше киетін болған. Ұзын жеңді ақ жейде киеді. Биік жағалы корсаждарын кестемен әшекейлейді. Алжапқыштарының түстері, қиылуы және үлгісі ерекше болып келеді. Қыздар бас киім ретінде дала гүлдерінен жасалған гүлтәж киген немесе үшкіл орамал тартып жүреді. Аяқкиімі  – баумен байланатын қызыл тері етік. Сондай-ақ кәріптас, маржан, шыны, ағаш моншақтар тағып, сәнденеді. Ерлердің костюмі: жолақ немесе біртүсті шалбарларын  биік қонышты қызыл немесе қара етіктерінің қонышына салып қойып жүреді. Жалпақ  манжеталары бар  ұзын жеңді көйлектің сыртынан жилет киеді. Ерлердің баскиімі – қайырмасы жіңішке фетр қалпақ лентамен, ұлутастармен немесе қауырсынмен сәнделеді. 

Сотрудники польского культурного центра в Казахстане  (слева направо): М. Домбровски, профессор, вице−председатель совета центра, Х. Гуральска, эксперт центра, кандидат экономических наук,  Е. Ошатыньски, профессор,  эксперт центра. г. Алматы, 1996 г.