Еврейлер

Этнос өкілдері ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында  Екінші  дүниежүзілік  соғыс  уақытында  және  ХХ  ғасырдың  60  жылдарға  дейінгі  сталиндік  репрессияның  нәтижесінде  келді. Этнос өкілдері Шығыс Қазақстан, Павлодар мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Алматыда көбірек тұрады.

Қазақстандағы жетекші еврей ұйымы – «Мицва»  Қазақстан  еврейлері  ұлттық  ұйымының  қауымдастығы. «Мицва» қауымдастығының әріптесі – филиалдары Қазақстанның 13 қаласында орналасқан «Полина» хэсэді. «Полина» хэсэді қызметінің басым бағыттарының бірі – қайырымдылық. Бірнеше көмек бағдарламалары бар: қарт адамдарға, мүгедектерге, әлеуметтік жағдайы нашар отбасылардың балалары мен ерекше қамқорлыққа зәру балаларға көмек беру.  «Үйде  күтіп-қарау»  және  «Балалар  бастамасы»  бағдарламалары белсенді жұмыс істейді.

Республика аумағында: «Давар», «Шалаш», «Мабат» атты үш еврей газеті шығады. Астанада, Алматыда, Қарағандыда, Көкшетауда, Қызылордада, Семейде, Оралда, Теміртауда, Шымкентте және басқа да елді мекендерде еврей қауымдастықтары жұмыс істейді. Еврей ұлттық қауымдастығының кітапханасы ашылған, «Freilehe Kinder» лагерь-фестивалі өткізіліп тұрады. Ол жастар арасында еврей мәдениетін таратады.Астанада Орталық Азиядағы ең ірі «Бейт Рахель-Хабад Любавич» синагогы ашылған.

Еврейлер жібек немесе атлас матадан тігілген ұзын сюртук («лапсердак») киетін, оның сыртынан жалпақ қара белбеу байланатын. Дөңгелек барқыт тақия, былғары туфли, қонышына панталон салынатын ұзын шұлықтар костюмді толықтырып тұратын. Құдайға сыйыну кезінде бастары мен иықтарына мінәжат жамылғысы – талит жабатын. Сыртқы киімнің ішінен бұрыштарында цициті (ивр. «кішкентай шашақ») бар кіші талит салып жүрген.

Еврей мектебіндегі «Хануки» мерекесі. Алматы қ., 1998 ж.