Күрдтер

Еліміздің  аумағында  күрдтердің  «Барбанг»  республикалық  қауымдастығы  жұмыс  істейді.  Ұйым күрд тілін, тарихы мен мәдениетін оқытатын жексенбілік мектеп ашқан, фольклорлық ансамбльдер,  үйірмелер  құрған,  кітаптар,  оқу  құралдарын  шығарады. Күрд тілінде кітаптар, көркем және оқу әдебиеттері, «Нубар» әдеби-көркем журналы мен «Жийана курд» газеті шығып тұрады.Еліміздің облыстарында ұлттық және мемлекеттік тілдерді оқытатын жексенбілік мектептер ұйымдастырылған.

2008  жылы  қазақ  жерінде  күрдтердің  тұра  бастағанына 70 жыл толды. Бұл оқиға Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен республиканың күрдтер жиі  орналасқан  жерлердің  бәрінде  кеңінен  аталып  өтті. Іс-шараның  жалғасы  ретінде еске алу датасына ұластырылған «Күрдтердің Қазақстанда тұрып жатқанына – 70 жыл» атты ғылыми-тәжірибелік  конференция  Алматыдағы  Ғалымдар  үйінде өтті.

Елімізде  12  этномәдени  орталығы  мен  күрдтердің  республикалық «Барбанг» қауымдастығы жұмыс істейді.Қазақстанда тұрып жатқан күрдтер өздерінің дәстүрі мен  мәдениетінің  ерекшеліктерін  сақтай  отырып,  барлық этностар өкілдерінің арасындағы достық, бірлік пен түсіністік саясатын қолдайды.

Ұлттық киімдері: ерлер кең шалбар, малдың жүнінен тігілген сырт киім, жеңсіз киіз жакет джәне киіз қалпақ (колоз, талык, кулук), белдеріне қайыс немесе күміс белдік таққан. Аяқ киімдері шұғадан және теріден тігілген. Әйелдер киімі  - ұзын түрлі көйлектер, кең шалбар немесе белдемше, бас киімі – кофи. 

«Ұлттық тілдерді дамытудағы өзекті мәселелер» атты семинарға қатысушылар Еңбекшіқазақ ауданында өткен күрді халқының қолөнер көрмесінде. Алматы обл., 1995 ж.

Күрд әже ұлттық киімімен отыр. Алматы обл., 1980 ж.

Күрд диаспорасының өкілдерінің демалыс сәті. Жамбыл обл., 1989 ж.