Гректер

Қазақстан аумағына алғашқы грек қоныстанушылары ХХ  ғасырдың  20-30  жылдарында  Қырымнан  депортациялаудың нәтижесінде келді. 1942 жылы гректердің бір бөлігі Краснодар өлкесінен депортацияланды, кейінірек 1944-1949 жылдары Ресейден тағы бір көші-қон толқыны келді. Бүгінгі Қазақстанда 12 мыңға жуық грек тұрып жатыр. Этностың үлкен бөлігі Алматы қаласы мен Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарында тұрады.

Қазақстанның  «Филия»  гректер  қауымдастығы  грек этносының этномәдени бірлестіктері мен шығармашылық ұжымдарының жұмысын үйлестіреді. Оның күшімен жексенбілік мектептер ұйымдастырылған. Онда ынталылардың бәрі де мемлекеттік, сондай-ақ грек тілін үйрене алады. Облыстық және аймақтық грек мәдени орталықтары түрлі грек және қазақстандық ұлттық мерекелерге, фестивальдар мен байқауларға белсенді қатысады.«Афродита», «Анагесиси» би ұжымдары мен «Астераки» балалар вокалды тобы, «Эльпида», «Аникси», «Арго»  хоры,  «Эллада»  вокалды  тобы  мен  басқа  да  көптеген өнер ұжымы бар.

Гректердегі  ерлердің киімі «қалалық костюм» - пиджак, шалбар, картуз және фуражка киген. Әйелдердің костюмдері дәстүрді ұзағырақ сақтады. Грек әйелдері шальвар, белдемше және бас орамал киіп жүрген. Гректердің тұрмысында дәстүрлі понтийлік былғары аяқ киім – чаруши көп уақытқа дейін сақталды. 

№ 15 мектептің кешкі бөлімінің оқушылары грек тілі сабағында. Алматы қ., 1994 ж.