Осетиндер

Барлық  диаспора  «Халық  келісімі»  ұлтаралық қоғамдық  қозғалысына  біріккен.  Хор  өнері  –  осетиндердің  ұлттық  шығармашылығының  жарқын белгілерінің бірі. Би осетиндердің өмірінде ежелден бері маңызды орын алады. Бірлестік кәсіпқой артистердің концерттерін ұйымдастырып тұрады. Мысалы, фольклорлық фестивальдардың иегері «Кубады» халық ансамблі көрермендерді дәстүрлі билердің көптеген түрімен таныстырды. Олардың ең бір тамаша нөмірі «Симд» – ежелгі би. Ол өзінің қайталанбас ерек-шелігімен халық хореографиясының шыңы саналады. Ақтауда жексенбілік мектеп ашылған. Онда ана тілін, халықтың тарихы мен дәстүрін үйретеді. Бұл мектепте тек осетиндер ғана емес, басқа да ұлттардың өкілдері оқуда.Ұйымның  жастар  қанаты  тәжірибе  алмасу,  үйірмелер,  музыкалық  және  би  клубтарын  құру 

мақсатымен басқа да орталықтардың өкілдерімен бел-сенді түрде іс-имылдар атқаруда.

Ұлттық киімдері – черкаска, бешпент, көйлек, шалбар, қой терісінен жасалған тон.