Болгарлар

Алғашқы болгар қоныстанушылары Қазақстанда 1907  жылы  пайда  болды  және  олар  Павлодар  облысының  Раздумовка  және  Андрияновка,  Ақтөбе  облысының  Болгарка  селоларында  қоныстанды. Болгарлардың Қазақстан жеріне екінші көші-қон толқыны Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қиыныстау кезінде, 1941-1944 жылдары келді.

Этникалық бірлестіктердің қызметін Қазақстанның Болгар этномәдени орталығы үйлестіріп отырады.  Орталық  өзінің  жұмысы  барысында  Қазақстандағы Болгария елшілігімен, Астанадағы, Алматы, Атырау мен Павлодардағы отандастарымен байланыс орнатты. Павлодар радиосының әуе толқынына «Болгарски Хоризонти» хабары тұрақты түрде шығып тұрады. Болгар тілі мен тарихын, әдебиетін, салт-дәстүрін, болгар халқының фольклорын жақсы білу үшін Павлодар облыстық тілдерді  дамыту  департаментінің  қолдауымен  «Обичам  България» оқу құралы шығарылды. «Мартеница» және «Вяра»  фольклорлық  ансамбльдерінің,  «Роксолана»  этникалық сән театрының қатысуынсыз бірде-бір мереке өткен емес. Ақсақалдар кеңесі мен «Славяне» жастар бірлестігі ағартушылық жұмыстар жүргізіп келеді.