Мордвалар

Мордовалар  өздерінің  салт-дәстүрі  мен  әдет-ғұрпын  бағалайды  және  мәдениетінің  ерекшеліктерін  сақтауға тырысады. Этникалық қауымдастық ұлттық және ҚР мемлекеттік тілін үйрену курстарын ашқан, сонымен  бірге  халықтың  тарихы  мен  оның  дәстүрі  тақырыбында лекциялар мен семинарлар өткізіп тұрады. Мордовалардың жаңа дәстүрлерінің бірі – жазғы ұлттық-фольклорлық «Акшукелу» (Ақ қайың) мере-кесі өткізілді. Ол «финн-угор әлемінің 7 кереметі» ин-тернет-дауыс берудің жеңімпазы атанды. Мордовия Рес публикасы Президентінің жарлығымен «Акшукелу» шарасы ұлттық-фольклорлық мәртебесін алды. Қазақстанда тұратын мордовалар өздерінің салт-дәстүрі мен мәдениетінің ерекшеліктерін сақтай оты-рып, барлық этнос өкілдерінің арасындағы достық, бір-лік пен келісім саясатын қолдайды.