Түркімендер

Қазақстанның түрікмен этномәдени республикалық орталығы қызметін  3  деңгейге бөліп атқарады. Олар: елдің этностарының ішкі  проблемаларына  қатысты  жергілікті  немесе этномәдени; Астана, Маңғыстау, Қарағанды мен Қостанай  түрікмен  орталықтарының  өзара  қарым-қатынастармен  байланысты;  этникалық  отанмен  байланысқа қатысты халықаралық әрекеттер.Қазақстанда тұрып жатқан түрікмендер өздерінің салт-дәстүрі мен мәдениетінің ерекшеліктерін сақтай отырып, барлық этнос өкілдері арасындағы достық, бірлік пен келісім саясатын қолдайды.

Егде жастағы түрікмендерде сақталған ерлер костюмдері жейде мен дамбалдан тұрады: сыртынан шапан киген. Бас киімдеріне ішінде кестеленген тақиясы бар,  ұзын  жұмсақ шашақты биік бөрік жатады. Шабандардың ұлттық аяқ киімдеріне ірі қара терісінен тігілген - чарык, чакай жатады. Қызыл түсті жібек шапандарды - гырмызы дон - телпекпен бірге мереке кездерінде, сондай-ақ, жас жігіттер  киеді.

Әйелдер - койнек - туника тәріздес, қарапайым қызыл түсті, ұзындығы тобықтан келетін көйлек, қысқа көкірекше (енсиз), астынан тар шалбар (балак) киеді, бастарын жібек немесе жүн орамалмен жауып жүреді.  Көптеген аудандарда қыздар бастарына  күміс әшекейлермен кестеленген тақия (тахья, борик) киеді. Әйелдердің ұлттық костюмдерін көп мөлшерде  күміс әшекейлермен кестелеу  тән