Қарақалпақтар

Қазақстанда тұратын қарақалпақтар өз халқының тілі  мен  салт-дәстүрін  сақтауға  тырысады.  Бұл  үшін қауымдастық тіл, этнос тарихы мен оның салт-дәстүрін оқу-білу курстарын жүргізеді. Сонымен қатар елдің халқын жан-жақты таныстыру мақсатында көрмелер  өтуде.  Олар  арқылы  қонақтар  этностың  тұрмысымен танысады.«Аллаяр жолы» қарақалпақ этномәдени орталығы Маңғыстауда «Айдын жол» газетін шығарып тұрады. Орталық қызметінің басты бағыты – тіл мен әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді, халықтық кәсіптерді түлету, мәдени-ағартушылық  шараларды  ұйымдастыруға  және  өткізуге,  басқа  да  этностарды  рухани  және  мәдени  құндылықтарға  тарту  үшін  жағдай  тудыру.