Тәжіктер

Тәжіктер елімізде  «Сомониен»  тәжік  мәдени-қоғамдық  Қазақстан бірлестігінің қауымдастығы құрылған. Ол тәжік этносының ана тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін,  әдет-ғұрпын  сақтау  мақсатын  көздейтін  ұйымдарды  орталықтандырады.  Мекеме  мынадай  қызмет  түрлерін  жүзеге  асырады:  мәдени-білім  беру  қызметін  көрсетеді,  фестивальдар,  көркем  өнерпаздардың байқауын, көрмелер ұйымдастыру. Республикада Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамында  елдің  түрлі  өңірлерінде  тұрып  жатқан  этникалық тәжіктерді біріктіретін сегіз этномәдени орталық құрылған.

Тәжіктердің дәстүрлі киімінде әр этномәдени аймақтың өзіне тән ерекшеліктері болған, дегенмен ортақ сипаттары бар. Ерлерде – туника үлгісінде пішілген көйлек, ауы кең шалбар, қаусырма шапан, орамал белбеу, тақия, шалма мен табаны жұмсақ етік, басы үшкір келген тері калош (оларды жеке киген, кейде етіктің сыртынан киген), таулы жерлерде – табанында тау соқпақтарында жүруге ыңғайлы болу үшін жасалған үш бүртігі бар сабо үлгісіндегі туфли киген. Әйелдердің үстінде – туника үлгісінде пішілген біртегіс матадан, ал таулы аудандарда, әсіресе Дарбаз бен Кулябта – кестелі көйлек болған.

Кең шалбарлар  тобықты жауып тұрған. Бас киім – орамал, тақия (гиссарлық тәжік әйелдерінде). Қалалық және жазық жерлерде тұратын тәжік әйелдері қаусырма шапан, жергілікті аяқкиім киген. Таулықтарда шапан болмаған. Қыздар мен жас әйелдер  негізінен иніші бар көйлек киген. Шалбарлары тарлау етіп тігіледі, жас әйелдерде тобықтан айтарлықтай жоғары болып келеді. Киім түрлі зергерлік бұйымдармен міндетті түрде толықтырылады: олар – сырға, білезіктер, жүріп келе жатқан кезде қозғалып, металдарының жарқылдап, тастарының жарқ-жұрқ етіп тұруы үшін көптеген салпыншақтары, шығыршықтары бар шекеліктер мен алқалар.