Өзбектер

Өзбектер қазақ жеріне ежелден-ақ қоныстанған. Өзбектер  тұтас  тұрып  жатқан  дәстүрлі  аймақ – Оңтүстік Қазақстан облысы. Этнос өкілдерінің көптеген тобы сондай-ақ Алматы, Жамбыл,  Қызылорда  облыстарында  тұрады.  2006 жылы Өзбек мәдени орталығы құрылды.  Оның  қызметі  мәдени-ағартушылық  жұмыстарға,  өзбек  жастарын  өз  халқының  салт-дәстүріне тартуға, ана тілін үйретуге бағытталған.Этномәдени   бірлестіктің   белсенділері   республикалық мерекелерге белсенді қатысады.

Ерлердің ұлттық киімдерінің негізін сырып тігілген шапан құрайды. Ол міндетті түрде орамалмен байланады. Өзбектер той-думанға, ұятты жерлерге ең әдемі деген орамалдарын байлап, барқыттан, атластан (көбіне қызылы түсті) тігілген, моншақтармен, алтын, күміс тастармен безендірілген киімдерді киіп барады. Ұлттық киімдері тақия, үстеріне куйлак делінетін жейде, аяқарына иштон (шалбар) киеді. Аяқ киімдері өте жұқа былғарыдан тігіледі.