Этномәдени бірлестіктер

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Қазақстан халқының тілдері күніне арналған этнофорум өткізілгені туралы АҚПАРАТ

2016 жылғы 21-22 қыркүйекте Астана қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан халқының тілдері күніне және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған этностық мәдениеттер форумы (бұдан әрі - Форум) өтті.

Форум  Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Б.А.Майлыбаев 2015 жылғы 16 қазанда бекіткен №35-12.43 «Жалпымемлекеттік міндеттерді шешуге этномәдени бірлестіктердің қатысуын қамтамасыз ету бойынша ҚХА-ның арнайы бағдарламасы» іс-шаралар жоспарының 28-тармағын орындау, сондай-ақ қазақстандық бірегейлікті қалыптастыруға бағытталған «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі аясында өткізілді.

Мақсаты: Қазақстандағы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік қағидаттарына сәйкес, мемлекеттік-патриоттық негізде «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін іске асыруға этномәдени бірлестіктерді жұмылдыру.

2016 жылғы 20 қыркүйектегі № 708664 баға ұсыныстарына сұраныс беру тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары негізінде қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы «Sultan Production» ЖК-мен 2016 жылғы 21 қыркүйектегі №112 келісім-шарт жасалды.

Іс-шараға 150 адам - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары В.К. Божко, Н.В.Жумадильдаева, Б.Ж.Әбдірайым, С.В.Имашева, М.М.Магеррамов, Н.Г. Микаелян, Е.С.Никитинская, О.В.Шишигина, Н.О.Дулатбеков, С.А.Дьяченко, генерал Б.Е.Ертаев, қоғам қайраткерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ өкілдері, этномәдени бірлестіктер өкілдері және қолөнер шеберлері қатысты. 

Этномәдени форум аясында Қазақстан халқының тілдері күніне арналған халықтық-қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесі өтті. Көрмеге Қарағанды және Алматы облыстары шеберлерінің киізден және керамикадан жасалған кәдесыйларды, зергерлік бұйымдар, былғары мен киізден жасалған картиналар және шілтер өнімдері қойылды.

Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» жалпыұлттық жобасының аясында «Қоржын» қайырымдылық акциясын өткізді, «Дала өлкесі казактарының одағы» РҚБ «Станичники» казак хорының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Этнофорумда «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті С.А.Терещенко құттықтау сөз сөйледі. ҚХА Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі Е.Л.Тоғжановтың құттықтау хатын Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ директоры Н.П.Калашникова оқыды.

Этнофорумда «Беларусь» мәдени орталығы» ҚБ төрағасы Л.И.Богнат, Жетысу казактары одағының атаманы В.Шихотов, «Алматы облыстық орыс орталығы» ҚБ төрағасы А.А.Бузыкин, (меценаттық институтын, қайырымдылық және әлеуметтік жауапкершілік мәдениетін дамыту. Әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау және дамыту), Л.Л.Котельникова, «Алматы облысының орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ төрағасының орынбасары, В.К.Божко, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары - «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ төрағасының орынбасары рыс, славян және казак ұйымдарының қазақстандық бірегейлікті нығайтудағы рөлі) баяндама жасады.

 Этнофорум жұмысы туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.