Интервью

Мая Веронская: «Мемлекеттік тілді білу — біздің міндетіміз»

Көгілдір экран алдынан шықпайтын немесе соңғы жылдары қанат жая бастаған қазақ кинотуындыларын тамашалайтын қауым арасында тілімізді жетік меңгерген, сүйкімді Мая Веронскаяны білмейтіндері кем де кем. Кейбір қандас бауырларымыз ана сүтімен дарыған қасиетті ана тілін әлі күнге түрлі сылтау айтып, үйрене алмай жүрсе, Мая оны жетік  меңгеріп, өмірде өз кәдесіне жаратып жүрген өзге ұлттың қызы. Ол өз болашағын да қазақ тілімен байланыстырады. Біз тележүргізуші, журналист және актриса Маяға бірнеше сауал қойып, пікірлескен едік.