Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің Үлгі ережесі

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Қазақстан халқы Ассамблеясының

Қоғамдық келісім кеңестерінің

Республикалық форумында мақұлданды

2015 жылғы 17 қазан

 

 

Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің

 

ҮЛГІ ЕРЕЖЕСІ°*

 

1.Жалпы ережелер

 

1. _______________________________ (Астана, Алматы қалаларының, облыстың немесе ауданның, аудандық маңыздағы қаланың, ауылдық округтың, кәсіпорынның атауы) Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.

2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.

3. Кеңес құрамы Кеңесте ардагерлер, аналар, жастар істері бойынша кеңестердің, шығармашылық одақтардың, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің міндетті өкілдігінің болуы есепке алына отырып, қоғамдық бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени бірлестіктер, мемлекеттік органдардың өкілдері қатарынан қалыптастырылады.

Кеңес құрамы ___________________________________ (облыстың (республикалық маңызы бар қала, астана) атауы) Қазақстан халқы ассамблеясы Кеңесімен бекітіледі.

4. Кеңес төрағасын Кеңес мүшелері оның жиналысында сайлайды. Кеңес төрағасы болып беделді қоғамдық қайраткері немесе белсенді қоғамдық-саяси ұстанымы бар тұлға сайлануы мүмкін.

____________________ (облыстың (республикалық маңызы бар қала, астана) атауы) Кеңесінің төрағасы ____________________ (облыстың (республикалық маңызы бар қала, астана) атауы) Қазақстан халқы ассамблеясы Кеңесінің құрамына кіреді.

 

2.Кеңестің міндеттері мен функциялары

 

5. Кеңестің негізгі міндеті – азаматтық принципі негізінде қазақстандық бірегейлікті нығайту және дамыту мақсатында қоғамда қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту мақсатында азаматтық қоғам институттарын, саяси және үкіметтік емес ұйымдарды, басқа бірлестіктерді ұйыстыру, Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізудің, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын жүзеге асырудың және Жаңа Қазақстандық Патриотизмді тәрбиелеудің біртұтас тәсілдерін әзірлеу болып табылады.

6.Кеңес келесі функцияларды орындайды:

1) қалыптасқан жағдайды саралау, сондай-ақ өңірде әлеуметтік және басқа да шиеленістерді болдырмау және шешу бойынша ұсынымдар әзірлеу;

2) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту жөнінде, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттар арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу;

3) Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған азаматтық қатысуды, қоғамдық бастамаларды, әлеуметтік маңызды жобаларды және бағдарламаларды қолдау және дамыту;

4) ардагерлер, кәсіподақ, жастар бірлестіктерін және басқа да қоғамдық ұйымдарды қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты насихаттауға және іске асыруға тарту;

5) әлеуметтік мәселелерді болдырмауға және алдын алуға, келіспеушіліктер мен жанжалдарды реттеу, әлеуметтік шиеленіс ошақтарының туындауына мүмкіндік беретін жағдайларға жол бермеу жөнінде тәжірибелік іс-шараларды іске асыруға қатысу;

6) жергілікті жерлерде қайырымдылық, медиация және қоғамдық бақылауды дамытуға көмектесу.

 

3. Кеңестің өкілеттіктері

 

7. Мемлекеттік комиссия өз құзыреті шегінде:

1) мемлекеттік органдардан өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға;

2) Кеңес отырыстарында Кеңес құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін тыңдауға;

3) Кеңес құзыретіне жатқызылған нақты проблемалар мен мәселелер бойынша ұсыныстар тұжырымдау мақсатында жұмыс топтарын және комиссиялар құруға;

4) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға құқылы.

 

4. Кеңес қызметін ұйымдастыру

 

8. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына бір реттен жиілетпей өткізіледі.

9. Кеңес отырыстары Кеңес мүшелерінің жалпы санының үштен екісі қатысқан кезде заңды болады.

10. Кеңес шешімдері отырысқа қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Кеңес мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.

11. Кеңес отырыстарына Кеңес мүшесі болып табылмайтын лауазымды адамдар, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың, этномәдени бірлестіктердің, Қазақстан халқы Ассамблеясының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.

12. Кеңес төрағасы:

1) Кеңес қызметін басқарады және оның отырыстарына төрағалық етеді;

2) күн тәртібін айқындайды және Кеңес отырыстарының хаттамасына қол қояды.

13. Төраға болмаған жағдайда оның міндеттерін төраға белгілеген орынбасар атқарады.

14. Кеңес хатшысы:

1) Кеңес Мүшелеріне отырыстың өткізілетін уақыты мен орны туралы хабарлайды;

2) Кеңес отырыстарына материалдар дайындауды ұйымдастырады;

3) Кеңес отырыстарының хаттамасын рәсімдейді;

4) Кеңес төрағасына қабылданған шешімдерді орындау бойынша атқарылған жұмыс туралы оның мүшелері дайындаған есепті ұсынады;

5) Кеңес төрағасының тапсырмасы бойынша басқа да функцияларды жүзеге асырады.

Кеңес хатшысы оның мүшесі болып табылмайды.

15. __________ (облыстың (республикалық маңызы бар қала, астана) атауы) Кеңесінің жұмыс органы өңірдің (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана) Қазақстан халқы ассамблеясының хатшылығы болып табылады.

Аудан, аудандық маңыздағы қала, ауылдық округ және кәсіпорын Кеңесінің жұмыс органын облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) Қазақстан халқы ассамблея хатшылығы мен тиісті әкім немесе кәсіпорын басшысы бірге анықтайды.

Кеңестің жұмыс органы:

1) Кеңес қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

2) Кеңес құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, лауазымды адамдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізеді;

3) Кеңес қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

16. Жергілікті атқарушы органдар Кеңес жүктелген міндеттерін орындауда оған жәрдемдеседі. 

 

__________________

 

* Өңірдің (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана) Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің ережесі тиісті өңірдің (облыс, республикалық маңызы бар, астана) Қазақстан халқы ассамблеясы Кеңесінің шешімімен бекітіледі.

Аудан, аудандық маңыздағы қала, ауылдық округ және кәсіпорынның Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңестерінің ережесін (облыс, республикалық маңызы бар, астана) Қазақстан халқы ассамблеясы Кеңесі мен тиісті әкім немесе кәсіпорын басшысы бірге бекітеді.