ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «МЫҢ БАЛА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МӘДЕНИ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ МЕН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІН ЕНГІЗУ БОЙЫНША СЕМИНАР-ТРЕНИНГТІҢ ХРОНИКАСЫ. 4 КҮН

Версия для печатиPDF versionEPUB version

         

Республикалық семинар-тренингтің 4 күні дәстүрлі түрде дене шынықтыру мен қазақтың ұлттық биі қаражорғаны үйренумен басталды. Содан кейін Қанат Тасыбеков өзінің мемлекеттік тілді үйрететін «Ситуативный казахский» авторлық әдістемесі бойынша семинарын бастап кетті.

Қ. Тасыбеков ұсынған әдістеме бірінші кезекте орыс тілді қазақ азаматтарына, кең көлемді аудиторияға және толықтай өз ойын қазақ тілінде жеткізгісі келетіндерге арналған. Екі деңгейде ұсынылған «Ситуативный казахский» оқу құралы қазақ тіліне қатысты қазақ халқының әлеуметтік-мәдени ақпараттары, тарихи фактілер, фольклорлық түсініктер, ұлттық менталитеттің ерекшеліктері беріледі; күнделікті өмірде қолданылатын сөйлемдердің мысалдары көрсетілген; тойлар, халықтық мерейтойлар; қазақ тілінің болашағы туралы сұхбаттар келтірілген; қоғамның даму жолдары және қоғамда кеңінен қолданылатын сұрақтар келтірілген.

Бағдарлама бойынша жоба қатысушыларына Алматы қаласының «Шебер ауылы» халықтық қолданбалы өнер шеберлері Арман мен Мейрам «Қамшы» өру және аң аулайтын бүркітке биалай - былғары қолғап тігу» бойынша шеберлік сыныптары ұйымдастырылды. Сондай-ақ қазақтың ұлттық заттары, солардың бірі былғарыдан және металдан жасалған жылқының ер-тұрманы бойынша көрме өтті.

Сол күні Қарағанды облысы жексенбілік мектебінде қазақ тілінің әдіскері Динар Жұмагелдина өзінің «Сарыарка» атты әдістемесімен таныстырды. Аталмыш әдістеменің негізгі құрылымы оқу құралы мен әдістемелік әзірлемені таныстырды. Бұл әдістеме әсіресе ересектерге тиімді.

Семинар-тренингтің соңына орай республикалық және өңірлік БАҚ қатысуымен «Достың төрінде» атты пікірталас алаңы өтті. Пікірталасқа «Ұлытау» жобасының ғылыми жетекшісі, ҚХА ҒСК мүшесі Дос Көшім төрағалық етті. Пікірталас барысында қазақтың тарихи және мәдени мұрасы, қазақ халқының тарихи жадыларын қалпына келтірудегі топонимиканың рөлі талқыланды.