ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «МЫҢ БАЛА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МӘДЕНИ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ МЕН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІН ЕНГІЗУ БОЙЫНША СЕМИНАР-ТРЕНИНГТІҢ ХРОНИКАСЫ. 3 КҮН

Версия для печатиPDF versionEPUB version

               

Қазақстан халқы Ассамблеясының (2020 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасының 2015-2017 жылдарға арналған Іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ мен Алматы Менеджмент университетінің «Ұлытау» жобасымен бірлесе отырып, Алматы облысы Үшарал ауданы Алакөл кентінде ұйымдастырып отырған «Тілдерді үйретудің инновациялық тәсілдері» атты республикалық семинар-тренингтің 3-ші күні.

Семинардың мақсаты Қазақстан халқы бірлігінің маңызды факторы ретіндегі мемлекеттік тілдің рөлін арттыруға және тіл, мәдениет, салт-дәстүрлер арқылы азаматтардың толерантты қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға, әдістемелік қолдау мен тілдерді жеделдете оқытудың әдістемелер базасын құруға бағытталған.

Бұл іс-шараға ҚР Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ мен өңірлік «Қоғамдық келісім» КММ өкілдері, этномәдени бірлестіктердің басшылары мен өкілдері, Достық үйлері мен лингвистикалық мектептердің әдіскерлері және оқытушылары, тіл мамандары, этнос өкілдерінің жастары, танымал әдіскерлер қатысты.

Бұл ретте «Ұлытау» жобасының ғылыми жетекшісі, ҚХА ҒСК мүшесі Дос Көшім және «Ұлытау» жобасының әдіскері Нұрлан Әміреев «Қазақ халқының ұлттық құндылықтарын негізге ала отырып, қазақ тілін үйрету» атты тақырыпта тыңдармандарға семинар-тренинг өткізді.

Ұсынылған әдістеме қазақ дүниетанымынан мағлұмат беру барысында салт-дәстүрлер бойынша шығармашылық қабілетін көрініс қою арқылы қалыптастырады. Әдістеменің мазмұны адамның айналамен байланысу қарым-қатынасынан бастап салт-дәстүрлерге дейінгі кезеңдерді қамтиды. Әдістеменің құрылымы салт-дәстүрлер туралы мәтін, мақал-мәтелдер, жағдаяттық тапсырмалар, тұрмыс-салт жырлары және бейнефильмдер мен аудиоматериалдардан тұрады.

Семинар-тренингке қатысушы әдіскерлер өткен сабақтарды іс жүзінде жаттықтыру мақсатында ҚХА жылының аясында өтіп жатқан «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы бойынша қазақ тілін үйренуші өзге ұлт өкілдерінің жастарына шеберлік сыныптарын көрсетті. Өзге ұлт өкілдерінің жастары әдіскерлерге өз алғыстарын білдіре отырып, алдағы уақытта көптеген жастарды мемлекеттік тілге үйретуге сәттілік тіледі.

Сонымен қатар, семинар-тренинг қатысушылары мен «Мың бала» жобасы аясында қазақ тілін үйреніп жатқан өзге ұлт өкілдерінің балалары бірлесіп мәдени-танымдық концерт ұйымдастырды. Концерт қазақтың ұлттық биі «Қамажаймен» басталып, қазақ, орыс және басқа да тілдерде ән шырқалды.