Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының аясында «Тілдерді үйретудің инновациялық тәсілдері» семинар-тренингің хроникасы. Бірінші күн.

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының (2020 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасының 2015-2017 жылдарға арналған Іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ Алматы Менеджмент университетінің «Ұлытау» жобасымен бірлесе отырып, Алматы облысы Үшарал ауданы Алакөл кентінде 2015 жылғы шілде айының 25-31 күндері «Тілдерді үйретудің инновациялық тәсілдері» атты тілдерді жеделдете оқытудың заманауи технологияларын әзірлеу және енгізу бойынша республикалық семинар-тренинг ұйымдастырды.

Семинардың мақсаты Қазақстан халқы бірлігінің маңызды факторы ретіндегі мемлекеттік тілдің рөлін арттыруға және тіл, мәдениет, салт-дәстүрлер арқылы азаматтардың толерантты қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға, әдістемелік қолдау мен тілдерді жеделдете оқытудың әдістемелер базасын құруға бағытталған.

Бұл іс-шараға ҚР Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ мен өңірлік «Қоғамдық келісім» КММ өкілдері, этномәдени бірлестіктердің басшылары мен өкілдері, Достық үйлері мен лингвистикалық мектептердің әдіскерлері және оқытушылары, тіл мамандары, этнос өкілдерінің жастары, танымал әдіскерлер қатысты.

Шараның ресми ашылуы күні (ү.ж. 25 шілде) «Ұлт тағдыры» республикалық қоғамдық қозғалысының төрағасы, «Ұлытау» жобасының ғылыми жетекшісі, ҚХА ҒСК мүшесі, саясаттанушы Дос Көшім жоба аясында қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын көрсету мен үйрету туралы мәдени-ағартушылық шаралары мен мемлекеттік тілдің бүгіні мен келешегі жөнінде пікірталастар ұйымдастырылатынын және оның мақсаты мен міндеттерін, мемлекеттік тілді үйретудің инновациялық технологиялары мен әдістері бойынша семинар-тренингтер өтетінін атап өтті.

Сондай-ақ, Халықаралық білім орталығының бас директоры, психология ғылымдарының кандитаты Ғани Бектайұлы Бейсембаев «Орыс тілді аудиторияға қазақ тілін үйретудің психологиялық мәселелері» атты тақырыпта семинар-тренингті жүргізді.

Өз кезегінде Ғ. Бейсембаев семинар-тренинг барысында «Тіл меңгерудің бүгінгі күнге дейін жазылып дайындалған әдіс-тәсілдері  жеткілікті деуге болады. Ол құралдардың нәтижелі тұстары аз емес. Дегенмен, оқу тәсілдерінің тиімділігін арттырудың тағы бір қырын ұсыну артық болмас. Бұл тыңдаушылардың психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып дәріс оқу» - деді.

Сонымен қатар, тіл оқытушыларын үнемі мазалайтын мәселелерге тоқталып өтті. Олар, тыңдаушылардың сабақта берілген материалдарды ауыр қабылдауы, міңгерген сөздерін қолданысқа түсіруде қиналуы немесе ұмытып қалуы, қызығушылықтың төмендігі немесе оның мүлде болмауы, денсаулығының төмендігі, қоғамдық орындарда тілге қажеттіліктің әлсіздігі.

Тыңдаушылармен жоғарыда аталған мәселелерді талқылап, осындай кедергілерден өтудің жолдары бойынша психологиялық тренигтер өткізді.