Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясына қатысушылардың үндеуі

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Құрметті отандастар!

 

Қазақстанда қоғамды саяси, экономикалық, рухани  жаңғыртудың тұтастай стратегиясы іске асырылып жатыр.  

Жыл басында ұсынылған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» шын мәнінде әлеуметтік жаңғыртудың ауқымды бағдарламасы болып табылады. 

Тәуелсіз Қазақстан әу бастан-ақ әлеуметтік бағдарланған мемлекет ретінде құрылды. Бес  әлеуметтік бастама осы бағыттың қисынды жалғасы болып, әлеуметтік мемлекет туралы   конституциялық норманы жаңа нақты мазмұнмен толтырды. 

Қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету, салықтарды азайту, қосымша білім гранттарын бөлу, студенттерге арналған жатақханаларды жаппай салу, микрокредиттеуді кеңейту және газдандыруды одан әрі жалғастыру – бұл,   азаматтардың өмір сапасының жоғары стандарттарына қол жеткізуді мақсат ететін нақты және есептелген шаралар.   

Осы шаралар топтамасының арқасында экономикалық және қоғамдық прогреске ықпал ететін жағдайлар жасалады және ең бастысы – әркімнің іс жүзінде әлеуметтік қорғалуы мен тұлғаның өзін-өзі танытатындай еңбек етіп, өмір сүруіне  кепілдік беріледі. 

Осы арқылы, мемлекеттің азаматтар алдындағы әлеуметтік жауапкершілігі   нақты   мәнмен толыға түседі. 

Мұның бәрі де әлеуметтік бірлік пен қазақстандық қоғамның кірігуінің нақты әрі пәрменді тұғыры болып табылады. 

Қазақстан халқы Ассамблеясы Мемлекет басшысының   әлеуметтік бастамаларын тұтастай қолдайды және оларды тиімді іске асыру жөніндегі амалдарды талқылауға белсене атсалысады.  

Біз, барша қазақстандықтарды осыған шақырамыз.  

Біз,  бірлесіп, жаңа  өмір мүмкіндіктерін, әлеуметтік мемлекет пен ұлттық игіліктің жаңа үлгісін жасаймыз. 

Біз, бес әлеуметтік бастаманы іске асыру, бейбітшілік пен келісімді одан әрі нығайтуға, азаматтардың әл-ауқатының артуына, Отанымыз – Қазақстан Республикасының өркендеуіне жәрдемдесетініне сенімдіміз.  

 

Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы,

Астана қаласы, 2018 жылғы 28 сәуір