Ақтөбеде «Тағзым» республикалық тарихи-экологиялық акциясы бастау алды

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Бестамақ ауылында ҚХА «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының «Ұлы Дала Елінің киелі мұрасы» жобасы аясында өтетін, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тағзым» республикалық тарихи-экологиялық акциясы бастау алды.

Бұл жолы Ақтөбе облысынан бастау алған іс-шараға еліміздің әр түкпірінен 200-ге тарта адам қатысуда. Олар өңірдің Алға ауданындағы Есет батыр мемориалды кешеніне барды. Бес жыл бұрын тұрғызылған нысан «Қазақстанның киелі жерлері» картасына енген. Сондықтан, маңызды шараның бұл жерде өтуі бекер емес.

Аталмыш акция Қазақстан халқы Ассамблеясының Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ – ӨТКЕНГЕ ТАҒЗЫМ» - «ПАМЯТЬ ВО ИМЯ БУДУЩЕГО» атты жыл сайынғы халықаралық жобасы аясында өтті. 

itube.kaztrk.kz

Дата события Ассамблеи: 
Бейсенбі, 31 Мамыр, 2018

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.