Аналар кеңесі диалогтық алаңы

Версия для печатиPDF versionEPUB version

«Қоғамдық келесім» сарайында ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Қазақстанның киелі жерлеріне саяхат» тақырыбында диалогтық алаң өткізілді.

Модератор Зере Қиықова Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы мына сөздердің іс-шараның ұранына айналғанын айтады: «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. Бұл кез келген халықты әншейін біріге салған қауым емес, шын мәніндегі ұлт ететін мәдени- генетикалық кодының негізі». Кездесудің қатысушылары – аналар кеңесінің мүшелері, қаланың білім беру мекемелерінің оқушылары мен мұғалімдері болды.

Орталықтың тарихи-мәдени мұраны қорғау мен пайдалану бойынша директоры Қуаныш Шақшақов өз сөзінде Ақмола облысындағы 1000-нан астам тарихи-мәдени мұра ескерткіштерінің ішінен ең маңызды 10 ескерткіштің іріктеліп алынғанын атап өтті. Олар Құмай археологиялық-этнографиялық кешені, Абылай хан алаңы, Кенесары үңгірі, Батығай кесенесі, Оқжетпес тауы, Қабанбай батыр кесенесі, «Беспақыр» мазары, Баубек батыр мазары, Олжабай батыр обасы, Науан Хазірет обасы, осылардың барлығы нәтижесінде Республикалық тізілімге енген.

Аналар кеңесінің мүшесі, «Абай әлеміне саяхат» клубының басшысы Зәуре Қақабаева Оңтүстік Қазақстан облысына іссапары туралы ақпаратпен бөлісті, оның әңгімесін киелі жерлер бойынша саяхатқа қатысушы оқушылары – Дамир Әміржанов, Кирилл Ким, Надежда Колесник, Екатерина Глазырина, Кәмила Ғалымтаева, Виктория Павлова, Карина Гемпель жалғастырды. Балалар ежелгі Түркістан мен Шымкент қалаларына қалай барғандарын қызығушылықпен айтып өтті. 

Ақмола облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Шолпан Қажығалиева «Тәрбие және білім» ішкі бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы айтып, тәрбиелеудің шағын отаннан басталатынын атап өтті. «Туған жер» бағдарламасы жастарға өз тарихын, мәдениеті мен дәстүрлерін білуге шақырады, ал Аналар кеңесі клубтарының қызметі оны жүзеге асыруға тұтас бағыт алған.

Ақмола облысы поляктарының қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Людмила Суховецкая «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында жастармен бірлесіп өткізілетін іс-шаралар туралы, поляктар бірлестігінің жанындағы еріктілер клубының қызметін қоса айтып өтті.

Диалогтық алаң өз жұмысын қатысушыларды, Аналар кеңесінің мүшелерін  марапаттау салтанатымен аяқтады.

Дата события Ассамблеи: 
Жұма, 10 Қараша, 2017

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.