Аналар кеңесі: отбасы құндылықтарына көзқарас...

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Екінші желтоқсан – 25 жұлдызды күннің отбасы құндылықтарына арналған бір күні.

Көкшетау қаласының Қоғамдық келісім сарайында 2016 жылдың 2 желтоқсанында Отбасы құндылықтары күнінің шеңберінде Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы төрағасының орынбасары Марал Жақыпова алғысөз сөйлеп, жиынды ашты. Өз сөзінде Марал Қажыкенқызы іс-шара қатысушыларының назарын «Мәңгілік ел – Болашағы біртұтас елдің рухани негізі» тақырыбына аударды.

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықова «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» жобасын іске асыру тәжірибесімен бөлісіп, Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берді.

Жиналған қауым Ақмола облысы Білім басқармасының бас маманы Арай Әбенованың «Балаларды асырап алу жүйесі» тақырыбында сөйлеген сөзінен соңғы 8 жыл ішінде облыста отбасылардың тәрбиелеуіне балалар үйінен 668 баланың берілгені, балалар үйінің тәрбиеленушілерінің жалпы контингенті 947-ден 298 балаға дейін қысқарғаны туралы және осындай жұмыстың нәтижесінде Жолымбет және Степногорск қалаларындағы балалар үйінің жұмыстары тоқтатылып, Есіл, Ақкөл балалар үйлерінің кішірейтілгенінен хабардар болды.

Көкшетау қаласындағы №1 қалалық емханасы бас дәрігерінің орынбасары Әйгерім Кәрімова өзінің «Балалар емханасында медициналық көмек көрсетудің сапасы» тақырыбында сөйлеген  сөзінде «Біздің мақсатымыз – халықтың денсаулығын жақсарту және аймақтың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге арналған салауатты өмір салтын насихаттау. Емхана жұмысының негізгі қағидаларына айналған жоғары кәсібилік, сервис пен қызметтердің жоғары сапасы үшін медициналық мекемеге саралау нәтижелері бойынша «Сала көшбасшысы» ұлттық сертификаты берілді, облыстың рейтингінде емхана бірінші орынға ие болып отыр», - деп айтып өтті.

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы, Аналар кеңесінің жанында 9 клуб жұмыс істейді – «Мәншүк» (№17 мектеп), «Сырғалым» (облыстық «Дарын» мектеп-интернаты), «Шаңырақ» («Нұрай» балабақшасы), «Шаңырақ» (Станционный селосының кітапханасы), «Қуаныш сыйлау бір бақыт» (қалалық балалар кітапханасы), «Әкелер клубы» (№17 мектеп), «Баян сұлу» (№3 мектеп), «Лашын» (қалалық ардагерлер кеңесі), «Айғаным» (Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті).

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы, Аналар кеңесінің жанында Көкшетау қалалық қазақ кітапханасында және «Арна» колледжінде тағы екі клубтың ашылғанын қуанышпен атап өткен жөн.

Балабақшадағы «Шаңырақ» ата-аналар клубының қызметін №6 «Нұрай» балабақшасының меңгерушісі Айгүл Маментикова баяндап берсе, Көкшетау қаласының №17 орта мектебіндегі «Мәншүк» қыздар клубының және Әкелер кеңесінің жұмысы туралы жоғарыда аталған клубтың кураторы Әсемгүл Махамбетова, ал Ш. Уәлиханов атындағы университеттегі «Айғаным» клубының қызметі туралы клубтың кураторы Нұргүл Смағұлова айтып өтті.

Сонымен қатар Станционный селосындағы қалалық кітапхананың меңгерушісі Валентина Грошикова «Шаңырақ» клубының қызметі туралы әңгімелеп берді.

Аналар кеңесінің белсенді мүшелеріне қызметтің нәтижесі бойынша алғыс хаттар берілді.

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі және Ақмола облысының Іскери әйелдер қауымдастығы ұйымдастырған «Асыл әже» байқауы «Заманауи қоғамдағы отбасы құндылықтарын жандандыру, мемлекеттің негізі - отбасын нығайту» тақырыбының аясында өткізілді.

«Таныстыру», «Шығармашылық байқау», «Ұлттық киімді, дәстүрлерді көрсету», «Ұлттық тағамдарды көрсету» сияқты кезеңдерден құралған байқау көрермендердің шынайы қызығушылығын тудырып, байқаудың ең үздік қатысушыларын анықтады.

Бас жүлдені №6 «Нұрай» балабақшасының жанындағы «Шаңырақ» клубының төрайымы және Аналар кеңесінің мүшесі Айгүл Маментикова  жеңіп алды.

«Бари» армян этномәдени орталығының өкілі, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі Рузанна Дегоян бірінші орынға ие болды.

Александра Сокольская («Ақмола облысының орыс қоғамы» ҚБ) және Анюза Урманова («Көкшетау қаласының татар мәдени орталығы» ҚБ) - «Асыл әже» байқауының басқа аталымдарында жеңіске жетті.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.