«Астана: бейбітшілік пен келісім орталығы» Халықаралық Конференциясы

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2018 жылдың 3 шілдесі күні Астананың 20-жылдығын тойлау аясында «Астана: бейбітшілік пен келісім орталығы» Халықаралық Конференциясының ашылуы өтті.

Іс-шараның ұйымдастырушылары – Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы және ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры.

Конференция 2-3 шілде күндері екі күн қатарынан өтеді. Оның жұмысына 200-ге жуық халықаралық және ұлттық эксперттер, мемлекеттік органдардың, Азия-Тынық мұхиты аймағындағы ЮНЕСКО Клубтық қозғалысының, ЮНЕСКО және басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысуда.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, конференцияның басты мақсаты – мамандар мен азаматтық қоғам өкілдерінің арасында екі тарапқа да пайдалы ақпарат алмасу және аталмыш тақырыптарға қатысты ең үздік тәжірибелермен танысуға арналған диалог алаңын жасау болған.

Конференция жұмысына Ассамблея төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Л. Прокопенко қатысты: «Қазақстан әлемдік бейбітшілік пен келісімнің аясында ғана емес, жастар мәселесінде де белсенді істер атқаруда. Бүгінгі шараның жаһандық тұрғыда мәні бар, себебі әлемнің 1000-нан астам эксперттері қатысып отыр, бұл жерде өзара тілдесіп қана қоймай, тәжірибе алмасу мүмкіндігі де бар. Қазақстан әлемнің дамыған 30 елдің қатарына қосылу жолында жастардың атқаратын рөлі зор. Оның үстіне Елорданың 20 жылдығы қарсаңында Астана төрінде әлемдік эксперт мамандардың  бас қосуы айтулы оқиға»-деді өз сөзінде.

Конференцияның негізгі міндеттері – мәдениетаралық диалогты қолдаудағы ең үздік тәжірибелерді анықтау, тұрақты даму және биік өкілдері, жастар және халықаралық ұйымдардың эксперттері арасындағы түсінушілікті дамытуға арналған платформа жасау және Астана қаласының дамуы үлгісінде халықаралық қатысушыларға «Рухани жаңғыру» бағдарламасын таныстыру.

Конференция барысында Азия-Тынық мұхиты аймағының және Орталық Азияның Қытай, Жапония, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Бангладеш, Үндістан, Ямайка, Филиппин және Ресей елдерінен келген спикерлары, және Қазақстанның мемлекеттік қайраткерлері және жоба серіктестері 25-тен астам баяндамалар жасайды.

Іс-шараның негізгі сәті Қазақстанның ұлтаралық келісім мен диалогты орнатудағы тәжірибесін таныстыру және талқылау  кезінде болады.

«Біз бұл Конференция қарапайым халық, халықаралық ұйымдар, мемлекеттік құрылымдар мен ЮНЕСКО Клубтары арасындағы халықаралық келісім мен мәдениет аралық диалогты орнататын көпірге және оны өрбітетін орынға айналады деп үміттенеміз. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорының қызметі мен мақсаты қоғамдық маңызы бар әлеуметтік, ғылым, IT мен өнерге бағытталған жобаларды, және де саясат, экономика, халықаралық қатынастарға байланысты диалог платформаларын дамытуға деген бағытын ескерсек, ЮНЕСКО секілді үлен халықаралық ұйыммен бірігіп жұмыс жасау біздің мақсаттарымызды іске асырудағы үлкен қадам. Аталмыш іс-шараның өтуі ЮНЕСКО-ға мүше мемлекеттерді мәдениеттерді жақындастыру мен өз елдеріндегі бейбітшілікті орнатуға жұмсалатын күштерді біріктіруге шақырудың бір белгісі болады» - деді конференция ұйымдастырушысы – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының халықаралық бөлімінің басшысы – Әлкей Марғұлан.

Конференция жұмысының нәтижесінде ұсыныстар жасалып, Қазақстанның халықаралық сахнадағы бейбітшілік пен келісім орталығы ретіндегі рөлін растау, Тұрақты Даму мақсаттарына жету үшін ЮНЕСКО Клубтарының даму бағыттарын анықтау, сонымен қатар Қазақстан мен Азия-Тынық мұхиты аймағы жастарының көшбасшылық қасиеттерін дамыту күтіледі.

Сонымен қатар Конференция қатысушыларына және елорда қонақтарына арналып қазақ халқының мәдениеті мен Астананың көрікті жерлерімен танысуға арналған толыққанды мәдени бағдарлама ұйымдастырылды. Конференцияның екінші күні – 3 шілде күні ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорымен бірге ұйымдастырылған ЮНЕСКО қарамағындағы «The Planet of ART» халықаралық Фестивалінің салтанатты жабылу кеші өтеді.

Аталмыш алаңды ұйымдастыру бастамасын ҚР Сыртқы істер Министрлігі, ҚР мәдениет және спорт Министрлігі, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық Комиссиясы, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты және халықаралық ұйымдар және бизнес қоғам қатарынан басқа да серіктестер қолдады.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша assemblykz.2016@gmail.com мекен-жайына хабарласыңыз.

 

 

Дата события Ассамблеи: 
Дүйсенбі, 2 Шілде, 2018

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.