Астана қаласының 20-жылдығына орай «Астана – Ұлы дала Елордасы» атты мерекелік басқосуының баспасөз парағы

Версия для печатиPDF versionEPUB version

5 шілдеде Қызылорда қаласы, Достық үйінің конференц-залында Астана қаласының 20-жылдығына орай «Астана – Ұлы дала Елордасы» атты мерекелік басқосуы болып өтті.

Аталмыш шарада облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Ләйлә Төрешова, «Қоғамдық келісім» КММ-нің директоры Уалихан Ибраев, директордың орынбасары Асылбек Жұмабаев, Қоғамдық келісім кеңесінің, Аналар кеңесінің, Жастар қанатының, облыстық ҚХА жанындағы ғылыми сарапшылық топ өкілдері, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенділері және БАҚ өкілдері.

Облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Л. Төрешова өзінің алғы сөзінде қатысушыларды мейраммен құттықтады. Мұнан әрі Астананың Қазақстан Республикасының қалай астанасы болғандығы жөнінде видеоролик көрсетілді.

Шарада этномәдени бірлестік және облыстық ҚХА құрылымдары жетекшілері жылы лебіздерін білдірді. Сондай-ақ, Елорданың құрдасы, облыстық ҚХА Жастар қанатының белсендісі Руслан Ризманов патриоттық ән орындаса, «Мың бала» жобасының қатысушылары Астана жайлы өлеңдер оқыды.   

Мерекелік басқосу пікіралмасумен жалғасты.

Этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді сақтауда, өңіріміздегі мемлекеттік этносаясатты жүзеге асыруда қосқан елеулі үлестері үшін этномәдени бірлестіктер мен облыстық Ассамблея құрылымдарының белсенділері облыстық ҚХА-ның Алғыс хаттарымен марапатталды.  

 

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.