Астанада жазушы Лукьяненкомен шығармашылық кездесу өтті

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Астанадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясының аясында Қазақстанда туып-өскен ресейлік әйгілі жазушы Сергей Лукьяненкомен шығармашылық кездесу өтті.

«Бүгін Қазақстан жеріне келіп, сіздермен кездескеніме, сұхбат жүргізіп отырғаныма шын қуаныштымын. Мен расында да Қазақстанның Қаратау қаласында туғанмын. Соңғы жылдары жұмыс бабымен Мәскеуде тұрып жатырмын. Алайда, Қазақстанмен байланысты ешқашан үзген емеспін. Фантастика жанрындағы әдебиет жастар үшін өте қызықты деп санаймын. Жалпы, бұл жанр болашаққа көз жүгірткісі келетін кез келген адамды өзіне тартпай тұрмас», - деді жазушы.

Сонымен қатар кездесу барысында С. Лукьяненко өзінің «Черновик» атты туындысы бойынша түсірілген аттас көркем фильм жайында сұрақтарға жауап берді.

«Черновик» фильмі ағымдағы жылдың 25 мамырынан бастап прокатқа шығады. Көріңіздер, жақсы фильм. Кинотуынды желісі кітапқа жақын. Алайда, жақында ғана ресми трейлер көрермен назарына ұсынылған соң көпшілік ондағы бір жайтқа қатысты мазасыздық білдірді. Ол – матрешкалар. Трейлерде матрешкалар пулеметпен, лазерлік сәулемен оқ ата бастайды. Мұны көрген жұрт «бұл не сұмдық?» деп таңғалғаны рас. Себебі, бұл кейіпкерлер кітапта жоқ болатын. Олардың орнында арнайы жасақ сарбаздары болды. Бұл тұста режиссердің фантазиясына ерік беріліп отыр. Менің ойымша, бұл батыс елдерінде прокатқа шығудың бір жолы», - деген ол Ресейді көп адам матрешка, аю және балалайкамен байланыстыратынын айтып қалжыңдады.

Фантастика мен фэнтези жанрында жазатын Сергей Лукьяненко «Аэлита», «Звёздный мост», «EuroCon», «Платиновый Тарлан», «Corine» сыйлықтарының лауреаты, «Странник» сыйлығының әртүрлі номинациялары бойынша бірнеше дүркін лауреаты. Тимур Бекмамбетов оның «Дозор» атты шығармалар топтамасын экранға түсіргеннен кейін кеңінен танымал болды.

 

 

 

Дата события Ассамблеи: 
Жұма, 27 Cәуір, 2018

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.