Атырау облысында Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылдың 18 сәуір күні Атырау облысы Махамбет ауданының Мәдениет үйінде Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы және «Қоғамдық келісім» КММ-ің ұйымдастыруымен Атырау облысы КХА жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Іс-шараға Облыстық Аналар кеңесінің мүшелері, аудандық Аналар кеңесінің төрайымдары мен этномәдени бірлестіктердегі Аналар кеңесінің төрайымдары мен мүшелері, Облыстық білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының өкілдері, IIД жергілікті полиция қызметінің кәмілетке толмағандар істері жөніндегі бөлім инспекторлары, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық - демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері, психологтар және БАҚ өкілдері қатысты.

Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Т.Ө.Аман-Турлина  жиынды ашты.

Ал Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Мардан Жұмахметұлы Сейткалиев өз сөзінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  мақаласына тоқталды.

Жүзден аса адам қатысқан отырыста «Келешек ұрпақтың денсаулығын сақтау», «Жасөспірімдердің ерте үйлену мәселесі», «Жүктіліктің алдын-алу» тақырыптары талқыланды. 

Жиналған қауым алдында Атырау облысы Денсаулық сақтау саласының ардагері, «Астана» оқу клиникалық орталығының директоры Дина Базарбайқызы Камелова «Келешек ұрпақтың денсаулығын сақтау» тақырыбында баяндама жасап, өзінің ойымен бөлісті.

Қоғамда өзектілігі жойылмай тұрған мәселелердің бірі - жасөспірімдердің ерте жүктілігі, әлеуметтік желілердің зияны.  Бұл мәселеге Атырау облысы Білім беру басқарма басшысының орынбасары Злиха Қадырбайқызы Дюсекенова өзінің «Жасөспірімдердің ерте үйлену мәселесі», «Жүктіліктің алдын алу» тақырыбында сөйлеген сөзінде толық-қанды тоқталды.

Сондай-ақ, жиын барысында  Атырау облысы Махамбет ауданы Аналар кеңесінің төрайымы Жібек Шамалиқызы Мұғауова Махамбет ауданының Аналар кеңесінің атқарған жұмыстар туралы ақпарат берді.

Жиында жас отбасылар арасында ажырасудың көбейгендігіне алаңдаушылық білдірген «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Тамара Аман-Турлина түйінді мәселені тарқатудың жолдарын да ұсынды.

«Ажырасу – келешегімізге төнген қатерлі қауіп екенін ұғынатын уақыт жетті. «Бұл «дертке» бірлескен түрде, қоғам болып қарсы тұруымыз керек. Тұрмыс тауқыметін тартқан жас отбасыларға қолдау жасап, олардың жұмыспен қамтылуына үлес қосуымыз қажет. Қиналған жандарға психологиялық тұрғыда көмек берудің жай-жапсарын қарастырып, шаңырақты шайқалтпай сақтаудың жолдарын көрсетуіміз қажет», - деді.

Іс-шара аясында Махамбет ауданының кәсіпкер әйелдері: «Сарайшық» асыл тұқымды мал шаруашылығының директоры Тамила Розметова; «Айсанат» наубайханасының басшысы Жәнипа Губашева; «Махамбет-Бөдене» ЖШС-нің басшысы Нургуль Полатова бір топ аз қамтылған отбасыларына қайырымдылық көрсетті.

Аналар кеңесінің отырысы Махамбет ауданының белсенді әйелдерді Атырау облысы КХА Хатшылығы және аудан әкімі атынан алғыс хаттармен марапаттаумен аяқталды.

Мәдениет үйінің фойесінде «Ана. Кәсіпкер. Демеуші» тақырыбындағы көрмесі насихатталды.

Сондай-ақ, түстен кейін Махамбет ауданының ауруханасының конференц-залында 10-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Болашаққа қамқорлық» атты семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Семинар-тренингтің мақсаты: Отбасында қыз баланың жеке тұлға болып қалыптасуы үшін ұлттық тәрбиенің әдіс-тәсілдерін жетілдіру, жас жеткіншектер арасында ерте жүктіліктің алдын алу.

Іс-шара соңында «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Тамара Аман-Турлина барлық семинар қатысушыларға табыс тілеп, әрдайым мейірімділікті өз бойларында сақтап қалуға тырысу керектігін айтты. Себебі, әр әйел – ол, ең алдымен ана.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.