Балаларға арналған баянды құндылықтар...

Версия для печатиPDF versionEPUB version

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған 25 тақырыптық күнін өткізу шеңберінде 2-желтоқсан Отбасы құндылықтары күні ретінде жарияланды.

Көкшетау қаласының Кәмелет жасқа толмағандарды бейімдеу орталығында ағымдағы жылдың 2 желтоқсанында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі мүшелерінің, Ақмола облысы поляктар бірлестігінің жастар қанаты еріктілерінің Орталық  тәрбиеленушілерімен кездесуі ұйымдастырылды.

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марал Жақыпова, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықова, Кәмелет жасқа толмағандарды бейімдеу орталығының директоры Қайрат Темірбаев, «Ақмола облысы поляктарының бірлестігі» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Людмила Суховецкая тәрбиеленушілер алдында отбасы құндылықтары туралы, мемлекет тәуелсіздігінің мерейтойын атап өту туралы, Мемлекеттің Тұңғыш Президенті, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев туралы сөз сөйледі.

Ақмола облысы поляктары бірлестігінің жастар қанатының бастамасымен 2015 жылы ашылған «Мейірімділік жолымен» науқанының шеңберінде Кәмелет жасқа толмағандарды бейімдеу орталығының барлық балаларына Ақмола облысы әкімінің аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ және Ақмола облысы поляктары бірлестігінен сыйлықтар берілді.

«Ақмола облысы поляктарының бірлестігінің» жастар қанатының белсенділері мазмұнды концерттік бағдарлама ұсынды, ал Орталықтың тағдырлары ауыр балалары іс-шараның өзіндік әнұранына айналған  «Мейірімділік жолымен» әнін орындады. 

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.