Барлығымыз бірлесіп қол ұшын берейік!

Версия для печатиPDF versionEPUB version

 

Астана қаласындағы қайырымгерлер мен меценаттардың екінші съезінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымды ел - 2017» жалпыұлттық акциясы бастау алды, оның басты және игілікті міндеті – науқас адамдарға жазылуға үміт сыйлау және ем қабылдауына нақты көмек көрсету болып табылады.

Республикалық акцияның аясында Көкшетау қаласындағы Қоғамдық келісім сарайында Наурыз мерекесінің қарсаңында 2017 жылғы 17 наурыз күні алты жасар Асанәлі мен Ералы Құрманбаевтарға, төрт жасар Әміржанов Әлиасқарға, мүгедектер – 47 жасар Дулат Қуанышевқа және 41 жасар Самат Кенжетаевқа ақшалай қаражат жинау бойынша қайырымдылық аукционы өтті.

Қайырымдылық аукционы арнайы ұйымдастырылған науқас адамдардың диагноздары айтарлықтай ауыр. Егіздер Асанәлі мен Ералы Құрманбаевтар Фримен-Шелдон синдромымен, психологиялық-сөйлеу қабілетінің артта қалуымен байланысты көп қаржы талап ететін ем қабылдауға мұқтаж.

Кішкентай Әміржанов Әлиасқардың анасы Айнаш Сағындықованың айтуынша, мұның алдында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы өткізген аукционнан түскен қаражатқа балаға есту аппараты сатып алынған, бірақ оны әрі қарай емдеу үшін жаңа қаржылық шығындар талап етіледі.

Щучинск қаласында тұратын Дулат Қуанышев болса созылмалы өкпе ауруымен ауырғандықтан, оған оттегі концентраторы - тыныс алу аппаратын сатып алу қажет.

Ал көкшетаулық мүгедек Самат Кенжетаевқа «Траклир-Бозентан», «Дилтиазем», «Силденафил» сияқты қымбат дәрілік заттарын сатып алу қажет. 

 

Ақмола облысының шығармашыл дарынды оқушылары қайырымдылық акциясына белсенді қосылып, аукционның лоттары үшін өз жұмыстарын ұсынды, ал оларды сатудан түскен қаражат науқас балалар мен мүгедектердің ем қабылдауына бағытталды. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларға арналған №1 Ақкөл балалар үйінің тәрбиеленушілерінің, №3 Қызыл Жар агротехникалық колледжі, Ж. Мусин атындағы педагогикалық колледжі, «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығы, шығармашыл дарынды балалармен жұмыс істеу бойынша облыстық оқу-әдістемелік орталығының, Көкшетау қаласының құрылыс-техникалық және сервистік-техникалық колледждері оқушыларының, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Халықтық сәндік-қолданбалы шығармашылық шеберлері қауымдастығы шеберлерінің талантты қолдарынан шыққан бұйымдар, суреттер ұсынылды.

Ақмола облыстық ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы, есеп комиссиясының төрайымы Зере Қиықованың басшылығымен акцияның ұйымдастырушыларынан,  Аналар кеңесінің мүшелерінен тұратын арнайы есеп комиссиясы жиналған қаражатты есептеу бойынша жұмыс жүргізді.

Мемлекеттік және жеке ұйымдардың, кәсіпорындардың, бизнес-құрылымдардың, аудандық әкімдіктердің өкілдері бөтеннің қайғысына ортақтасып, төрде тұрған жәшікке кезекке тұрды. 100 мың теңгелік жәдігерді сатып алған «Ново-Приречное» ЖШС келген Валерий Тюркинді, жәшікке 200 доллар салған жеке кәсіпкер Бақытбек Дүйсеновты, аукционның шығармашылық жәдігерлері үшін 57 мың теңге бөлген Ақмола облысының мәдениет басқармасын ерекше атап өткен жөн.

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Жақыпова Марал Қажыкенқызы және  Ассамблея жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықова қайырымдылық акциясының қорытындысын жасады.

Достық үйінің сахнасында мұқтаждар арасында тең бөлінген бір миллион үш жүз он алты мың теңге балалар мен мүгедектерге аз болса да көмек болып, олардың толыққанды денсаулыққа ие болуына мүмкіндік беретініне сенімдімін!

Ырыс пен берекенің арқауы – Наурыз мерекесінің қарсаңында аяушылық, мейірімділік, ықыластылық науқас жандарға немқұрайлы қарамаған көкшетаулықтар мен Ақмола облысы тұрғындарының бойынан көрініс тапты.

Біздің әлемнің бөтеннің қайғысына ортақтаса білетін ықыласты адамдарға сүйенетіні кездейсоқ емес.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.