Депутат Ш.У. Нурумовтың халықпен кездесуі

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2018 жылы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты – Нурумов Шаймардан Усаинович Алматы қаласының тұрғындарымен кездесті. Кездесу Қ.Қожамияров атындағы Мемлекеттік республикалық ұйғыр музыкалық комедия театрынде өтті. Кездесуге қала тұрғындары, мектеп мұғалімдері, кәсіпкерлер, БАҚ өкілдері және жастар қатысты.

Өз сөзінде депутат қатысушыларға Мәжіліс жұмысы бойынша, қабылданған заңдар бойынша және Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттық тобының қызметі бойынша ақпарат берді. Сонымен бірге, ол Президент Н.Назарбаевтің «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын түсіндірді, мемлекет экономикасының қазіргі жағдайы және тағы басқа мәселелер туралы айтып берді. Қала тұрғындары депутатқа экономикаға, тұрғындардың әлеуметтік деңгейіне, халықтың осал топтарына әлеуметтік көмекке байланысты сұрақтар қойды.

Шаймардан Усаинович халықтың өтініштерін қолдап, уәкілетті органдарда барлық мәселелерді көтеруге және сәйкес заң жобалары бойынша Парламент Мәжілісінің жұмыс тобына ұсыныстар енгізуге уәде берді.

Дата события Ассамблеи: 
Жұма, 12 Қаңтар, 2018

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.