«Достық» фестивалі

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылғы 13 қарашада Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театрында Мүгедектер күніне арналаған, үшінші «Достық» фестивалі өтті.

Іс-шараға мүмкіндіктері шектеулі адамдар, олардың туыстары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, жастар және басқалар қатысты.

Ұйымдастырушылар: Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ, «Шарапат» жас мүгедектер ұйымы, Медеу аудандық ерікті мүгедектер қоғамы.

Іс-шара аясында мерекелік концерт ұйымдастырылды. Концертте мүмкіндіктері шектеулі адамдардың ұжымдары өз өнерін көрсетті.

Іс-шараға Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Мамсуров Казбек Владимирович, Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры – Мұрынова Жаннат Шарапханқызы, Алматы қаласы әкімінің мүмкіндіктері шектеулі жандар мәселесі бойынша кеңесшісі – Алаев Вениамин Юрьевич, Медеу аудандық ерікті мүгедектер қоғамының төрайымы – Климко Любовь Касымовна және «Шарапат» мүгедек жастар ұйымының жетекшісі – Мананбаева Раушан Темірбекқызы қатысып, құттықтау сөздер айтты.

Біріккен ұлттар ұйымының «Мүгедектердің құқықтары туралы» конвенциясын ратификациялау туралы Заңның қабылдануы республикадағы мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін ең маңызды оқиға болды. Бүгінгі күні, мүгедектердің білім алуға және жұмысқа орналасуға қолжетімділігінің кеңеюі және олардың қоғам өміріне толық қатысуы мемлекетке экономикалық, әлеуметтік және саяси әсерін беруде.

Құттықтау сөзінен кейін мерекелік концерт басталды. Концертте Талғар қаласының «Белый ангел» клубының мүшелері, «Шарапат» жас мүгедектер ұйымының, Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының бишілері мен әншілері, «Жүрегім қазақ» атты ым әнін орындаған, №1 мектеп-интернаттың оқушылары, №5 мектеп-интернатының «Арай» би ұжымы және басқалар өнерін көрсетті.

Концерттен кейін марапаттау рәсімі өтті. Қатысушыларға мадақтамалар, гүлдер және бағалы сыйлықтар берілді. Іс-шара соныңда көрермендер мен қатысушылар тамаша мереке үшін ұйымдастырушыларға алғысын айтты.

Дата события Ассамблеи: 
Сейсенбі, 14 Қараша, 2017

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.