Достық үйіндегі кездесу

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Ағымдағы жылдың 10 тамыз күні Достық үйіне «Тхоньил» кәріс этномәдени бірлестігінің төрайымы Ли Людмила Валентиновнаның басшылығымен Корей ұлттық делегациясы келді. Қонақтарға Қазақтың  ұлттық дәстүрі бойынша шұбат пен бауырсақ ұсынылды.

Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ –нің басшысы Т.Аман-Турлина облысымыздағы этномәдени бірлестіктердің жұмыстарымен таныстырып, кабинеттерді аралатты.

Достық үйінің концерт залында келген делегация мүшелерімен мекеме қызметкерлерін таныстырып, қонақтарға «Атырау Этностары» кітабын сыйға тартты.

Екі елдің арасындағы достық қатынастар нығая беруіне ықпал ету біздің міндетіміз.

Жер бетінде тыныштық, бейбіт өмір және достық пен татулық бола берсін !

 

Атырау облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Дата события Ассамблеи: 
Жұма, 11 Тамыз, 2017

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.