«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» әдеби-танымдық кеші

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылғы 18 сәуір күні сағат 15.00-де Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-дің салтанат залында «Айғаным» қыздар клубының ұйымдастыруымен «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» атты әдеби-танымдық кеш өтті.

Іс-шараның мақсаты – оқу ордасында білім алып жүрген қыздарды ұлттық дәстүрлер мен төл дүниетаным аясында тәрбиелеу.

Жыл басынан бері университетте бекітілген жоспар бойынша ауқымды да игі іс-шаралар өткізілуде.

Білім ордасында жастарға халқымыздың салт–дәстүрлеріне тереңірек үңіліп, ұлттық асыл қасиеттерді бойға сіңіру мақсатында ашылған «Айғаным» қыздар клубы өз жемісін беріп келеді.

Бұл клуб 2016 жылдың қаңтар айынан бастап қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлихановтың әжесі Айғаным атын иеленді.

Университетте жұмыс істеп жатқан «Айғаным» қыздар клубы бұл - аға буын мен кейінгі жас буынның кездесіп, пікір алмасатын сұхбат алаңы.

Бүгінгі күні «Айғаным» клубының мүшелері облыс, қала көлемінде өткізіліп жүрген «Ана тілі Аруы», «Шоқан Аруы», «Ақмола Жұлдыздары», «Тәуелсіздік Аруы» сынды бірқатар тәрбиелік мәні зор байқауларға белсене қатысып, өз жетістіктерімен танылуда.

Білім ордасында аталмыш қыздар клубы құрылғаннан бері әр факультетте «Қыз тәрбиесі – ұлт мәртебесі», «Қыз қылығымен» атты дөңгелек үстелдер мен пікірталастар  өткізіліп, жастарға тиісті тәрбие беруде.

Қыз баланы тәрбиелеу дегеніміз бұл – тұтас ұлтты тәрбиелеу деген оймен ұштасады.

Бұл ұйымның құрамында Ақмола Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Зере Еспайқызы Қиықова, университеттің ардагерлер Кеңесінің төрайымы Ахметова Тыныштық Мұқатқызы, Таңсық Жұрынқызы, Жұпар Қалиқызы, Мадина Каримовна, Сатина Жусупбековна, Нұрғайша апай сынды ардагер ұстаздар және т.б. клуб мүшелері осы клуб жұмысына белсене араласып, оның нәтижелі қызмет атқаруына бағыт-бағдар беріп, өздерінің кеңестерімен жас ұрпақ тәрбиелеу майданында аянбай еңбек етіп келеді.

Мәдени іс-шараға Ш.Уәлиханов атындағы КМУ ректоры Ә.Ә.Әбжаппаров, университет проректорлары, факультет декандары, оқытушылар мен студенттер және БАҚ өкілдері қатысты.

Ш.Уәлиханов атындағы КМУ ректоры Әбдімүтәліп Әбжаппарұлы Әбжаппаров танымдық кештің шымылдығын өзінің құттықтау сөзімен ашты. Әбдімүтәліп Әбжаппарұлы аталмыш клубтың бүгінгі жастар үшін маңызының зор екендігіне тоқталып, университет көлемінде одан да басқа үйірмелердің жұмыс істеп жатқан атап өтті.

Іс-шара барысында облыстағы қыздар клубының жұмысы туралы Ақмола Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Зере Еспайқызы Қиықова «Гендрлік саясат: проблемалар мен ұсыныстар» тақырыбындағы баяндамасын оқыды. Сондай-ақ, университеттің ардагер ұстазы Таңсық Жұрынқызы «Қыз бала тәрбиесі – қоғамның келелі мәселесі», психология пәнінің оқытушысы, академиялық доцент Жұпар Қалиқызы «Отбасы – тәрбие басы» туралы баяндама жасады. Сонымен бірге «Айғаным» қыздар клубы мен «Жауқазын» студенттер театры мүшелерінің орындауларында театрландырылған қойылым көрсетілді.

Университеттің студенттері шағын концерттік бағдарлама беріп, бейнелеу өнері, сызу және дизайн кафедрасы жаңа үлгідегі ұлттық киім үлгілерімен таныстырды.

Іс-шара соңында жиналған қауым танымдық кеш туралы өз ойларымен бөлісіп, оны қорытындылады.

Тәуелсіз еліміздің басты арманы – Мәңгілік Ел болу мақсатында ата-бабаларымыздан бүгінге дейін қастерлеп сақтаған мол мұрасын, яғни халқымыздың ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан ұлттық салт - дәстүрлерін дәріптеу. Халқымыздың асыл қазынасы – ана тілімізді ардақтап, сол арқылы өзіміздің ұлттық ерекшелігімізді ұлықтау - ұрпақ тәрбиесіндегі басты құндылық болмақ.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.