«Ерліктің асқары, бірліктің бастауы – Отпан»

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Биыл Маңғыстау жеріндегі «Отпан» тарихи-мәдени кешеніне – 10 жыл. Осыған орай, облыс көлемінде мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылып, кең көлемде аталып өтуде.

Маңғыстау ауданының 90 жылдығы, «Отпан тарихи-мәдени кешеніндегі Адай ата кесенесінің» ашылғанына 10 жылдығы аясында «Ерліктің асқары, бірліктің бастауы – Отпан» атты мерекелік іс-шараға Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы, Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, облыстық этномәдени бірлестіктер төрағалары, өкілдері де қатысты.

Мұнайлы өңірде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Үш жүздің төбе билері» атты монумент кешені ашылды. Сонымен қатар, ғылыми-практикалық конференция, қолөнер шеберлерінің республикалық көрме-жәрмеңкесі мен ұлттық ойындардың жарысы басталды.

Салтанатты іс-шарада сөз алған Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов: «Отпан тау – көпұлтты Отанымызда тағдыр табыстырған өзге ұлт өкілдері үшін де қастерлі нысан. Байқаған адамға мұнда іс жүзінде, қазақстандық ұлт идеясы жүзеге асырылып жатыр. Жаңадан ашылған «Үш жүздің төбе билері» монументінің тұғыры да осындай биік идеяларды көздеген асқар таудың басы болмақ керек. Мұның бәрі тұтаса келгенде халқымыздың ұлттық бірегейлігінің мызғымас негізін құрайды», - деді.

Дата события Ассамблеи: 
Жұма, 10 Қараша, 2017

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.