Этноауылда «Палау-party» болды

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылғы 02 шілдеде сағат 17.00-де Этноауылда «Палау-party» болды.

Шараға қоғам қайраткерлері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ҚХА мүшелері және БАҚ  қатысты.

Шара Астана күніне орай ұйымдастырылуда және Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесінің шеңберінде Н.Назарбаевтың қоғамдық келісім және жалпы ұлттық бірліктің қазақстандық моделінің таныстырылым бағдарламасына сай өтті.

Негізігі идеологемасы: Астана - Қазақстан Республикасы жетістіктерінің символы.

Астана күні Қазақстанның  барлық халқы үшін зор тарихи-мәдени  мәнге ие. Астана күнін этномәдени бірлестіктердің тойлауы еліміздің барлық этнос өкілдерінің бірлігін және ынтымақтастығын көрсетеді.

Шара барысында:

-  Астана қаласының этномәдени бірлестіктерінің концерті;

- «Палау-party» палау фестивалін, палаудың (600 кг) әр түрінен,  тандыр нан мен бауырсақтартан  дәм татылып, бауырсаққа толы 18 ғасыр қазанының таныстырылуы өтті;

- аз қамтылған отбасыларына 40 кілем сыйланатын республикалық «Қайырымды Ел» акциясы аясындағы қайырымдылық шарасы өткізілді.

 

«Қоғамдық келісім» РММ баспасөз қызметі:

тел. 74-12-15, 74-12-13, +7 778 534 12 64

E-mail: info_rgy@mail.ru, www.assembly.kz

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.