Этномәдени бірлестіктер жаңа туған перзенттерге домбыра сыйлады

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Шілде айының бірінші жексенбісі – Домбыра күні елімізде атап өтілді.  Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында Қазақстан халқын шоғырландыратын ортақ құндылықтар барша қазақстандықтар үшін ортақ игілікке айналған.

Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласында және өңірдегі он ауданда этномәдени бірлестіктердің демеушілігімен «Ұлттық домбыра күнінде» сол туған перзенттерге қазақ халқының қасиетті ұлттық аспабы – домбыраны  сыйлау  рәсімі өткізілді.

Тараз қаласындағы  перинаталдық орталықта Домбыра күнінде жаңа босанған аналар Жазира Исмаилованың 3 кг 368 гр. боп туған Қазына есімді қызына, қалалық №1 аурухананың босану бөлімінде жатқан Валентина  Кузнецованың 2 кг 566 гр. етіп өмірге әкелген қызы Дианаға және қалалық перинаталдық орталықта  Ғазиза Нұрмаштың 3кг 700 гр етіп босанған қызын Ұлттық домбыра және Астана қаласының 20 жылдығымен  құттықтап, үш перзенттің анасына «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Махмутжон Давришев, бірлестік мүшелері Ибрагим Зуфаров және Зульфия Фарманова қазақтың ұлттық аспабын сыйға тартып,  шын жүректен құттықтады.  

Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшылығы жас аналардың  перзенттеріне ұзақ ғұмыр тілеп, Ұлттық домбыра күнімен және Астана күнінің 20 жылдығы мерекесімен құттықтап, мемлекетіміздің ұлттық құндылықтарын қадірлей білетін отаншыл ұрпақтар қатарының артуына ақжарма тілегімен бөлісті.

 

 

 

 

           

 

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.