Этнос күнін атап өтті

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Достық үйінде «Тәуелсіз халықтың Көшбасшысы» деп аталатын  мереке өтті. Іс-шараны Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен «Махмұт Қашқари» атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігі ұйымдастырды.

Бұл күні Достық үйінің арнайы безендірілген конференц-залына өңірлік этномәдени бірлестіктер өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары жиналып экскурсия жасады және М.Қашқари атындағы кабинетке ашық есік күні жарияланды.

Бұл іс-шараны ұйымдастырудың мақсаты: Жамбыл облысында тұратын барлық этностардың салт-дәстүрлерін, тарихын зерттеу арқылы  этносаралық қатынастар мәдениетін үйлестіру.

Аталған іс-шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент Күніне арнайы ұйымдастырылған. Тәуелсіз Қазақстанның іргесін қалап, шекарасын шегелеп, болашаққа бағыт-бағдар беруде Тұңғыш Президенттің халық алдындағы еңбегі ұшан-теңіз. Сәл тарихқа шегініс жасар болсақ, 1991  жылғы 1 желтоқсанда алғаш рет жалпыхалықтық  сайлау өтіп, егемен Қазақстанның негізін салушы - Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш рет Президент болып сайланды. Бұл жаңа мемлекет  қалыптасуының  өтпелі кезеңінде  сенімді  басшыға  өз тағдырын  тапсырған  Қазақстан халқының  жауапты  таңдауы еді. Шын мәнінде, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  салиқалы саясатының арқасында  тәуелсіз Қазақ елі  қалыптасып, тарихымыз  түгенделіп,  тіліміз, дініміз  және діліміз қайта оралып, мемлекетіміздің  ұлттық рәміздері  қабылданды. 1991 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан халқына берген  антын тұтастай  және толық  орындағанын  көрсетті. Қазақ КСР-ның Жоғарғы Кеңесі сол күні-ақ Қазақ Кеңестік Социалистік  Республикасы деп өзгертті. Елміз бүгінде  бүкіл әлемге  танымал жаңа  атқа ие болды. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік  тәуелсіздігі туралы» Қазақстан  Республикасының  заңы 1991 жылғы 16 желтоқсанда  қабылданды. Осы заң негізінде  еліміз өзінің  Тәуелсіздігін жария етті.

Айтулы күнге тұспа-тұс келген бұл іс-шараға Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі, ұйғыр, өзбек, түрік және т.б. этномәдени бірлестіктерінің мүшелері мен жастары, ассамблея мүшелері, БАҚ қатысты.

М.Қожаева мерекелік іс-шараны салтанатты түрде ашып, құттықтау сөз сөйледі: «1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін барлық қазақстандықтар салтанатты түрде тойлау үстінде.  Берекелі елімізде бейбітшілік пен келісімді сақтауда Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың үлесі зор. Бүгінде облысымызда 100-ге жуық өзге ұлт өкілдері тұрып жатса, 74 этномәдени бірлестігі жұмыс істеуде».

Қазіргі заманғы Қазақстанымыздың аумағына ұйғыр халқының қашан  және қалай қоныс аударғаны туралы «Махмұт Қашқари» атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрағасы М.Тұрдыева айтып берді: ұйғырлар қазақ жеріне 1860-1880 жылдардағы Қытай көтерілісінен кейін қоныс аудара бастады. Совет үкіметі кезінде елімізде ұйғырлардың саны күрт өсе бастады. 1960-1970 жылдары КСРО мен ҚХР шекарасының ашық кезеңінде Қазақ КСР-не ұйғырлар екі дүркін өтіп, қоныстана бастады. Олардың көп бөлігі Алматы және Талдықорған облыстарының ауылды жерлерінде мекен етті.

Қазақстандағы ұйғырлар, әдетте, үш тілді болып келеді, қазақ және орыс тілдерін жақсы меңгерген. Республикада кеңестік кезеңнен бері ұйғыр мектептері сақталып келеді. 2012 жылы республикадағы 14 мектеп таза ұйғыр тілінде болды. Одан басқа білім беру бағдарламасының аясында, сондай-ақ  басқа тілде оқитын 4076 ұйғыр тілді бала  жеке пән ретінде ұйғыр тілін меңгерген. «Уйғур авази» ұйғыр тіліндегі газет шығарылады.

Ұйғырлар десе, көбінесе ойға биік қорғандар мен тамаша әндер келеді. Концерттік бағдарлама бойынша Н.Ә.Назарбаевтың өызметіне арналған бейнеролик көрсетілді. Сахна төрінде мемлекеттік және ұйғыр тілдерінде әндер шырқалды. Концертте «ДД-Нұргүл» би тобының орындауында қазақ биі,  Ш.Нурмахамедованың орындауында өзбек биі, «Ғунча» ансамблінің орындауында үнді, ұйғыр т.б. ұлттық билер орындалып, А.Жиенбаеваның орындауында «Еркемін» атты көңілді әнімен жиналған қауымды билете әкетті.

«Біз облысымыздың жастары үшін, ұйғыр халқының тілін, мәдениетін әдет-ғұрыптарын, салт-дәстүрлерін білу үшін барынша жұмыс жасап отырмыз. Бұдан бөлек, отандастарымызға ұйғыр халқының кім екенін, олардың ерекшеліктерін, сонымен қатар, Қазақстан жеріне қосқан үлестері туралы айтып жүруіміз  керек. Біздің М.Қашқари атындағы кабинетімізге тек қана ұйғырлар емес, Жамбыл облысының барлық ұлт өкілдері кез келген уақытта келе алады. Барлық уақытта  біз өсіп келе жатқан ұрпағымызды қолдап, оларға барлығымыз салт-дәстүрлерімізді айта жүрейік»-деді М.Турдыева өз сөзінде.

Срнымен қатар, 2015 жылдың 16 қарашасында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам - Ұлт жоспарын іске асыруға және қайырымдылық үшін құқықтық негіздемелерді жасауға, оны ынталандыруға бағытталған «Қайырымдылық туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Бұл заңның мақсаты: Қоғамда қайырымдылықтың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, қолдау және нығайту арқылы қоғамның өзін-өзі ұйымдастыруын дамытуға жәрдемдесу қайырымдылықтың мақсаты болып табылады.

Аталған заңның аясында ұйғыр этномәдени бірлестігі «Қамқор» деп аталатын қайырымдылық  акциясын ұйымдастырды. Акцияға іс-щарадағы барлық мейірімді  жандар қатысты. Жиналған барлық қаражат көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға бағытталады, дейді ұйымдастырушылар.

Одан кейін барлық белсенді жастар мен қатысушыларға құнды сыйлықтар таратылды. Концерттік бағдарлама М.Аббастық орындауындағы «Батырлар ұраны» атты әнімен аяқталды.

Жамбыл облысында тұратын ұйғыр халқы музыкамен, қолөнермен және тілдерін дамытумен айналысады. Бұның барлығы Елбасының дана саясатының арқасы деп біледі олар. Айта кетерлігі, атқарылған іс-шара ағайынды халықтардың достығы мен бірлігін бекітіп, серіктестікті кеңейту мақсатында ұйымдастырылды.

Дата события Ассамблеи: 
Сәрсенбі, 6 Желтоқсан, 2017

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.