«Этносаралық қатынастардағы медиация негіздері» «Отбасылық медиация»

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Атырау облысы  әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен  2017 жылдың 17 тамыз күні  Индер ауданында және 18 тамыз күні Исатай ауданында «Этносаралық қатынастардағы медиация негіздері» және  «Отбасылық  медиация» тақырыптарында  семинар тренинг өткізілді.

Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі  жұмыс бағыттарының бірі- бұл медиация. Осыған байланысты жыл басында медиацияның бес  саласы бойынша жұмыс жоспарланған болатын.

Атап айтатын болсақ - отбасылық, этносаралық, еңбек, дін қатынастары  және  мектептегі медиациясы.

Елбасы ұсынған медиация тәртібі қазақ үшін бұрыннан келе жатқан ғұрып десек те болады, яғни, өзара бітімгершіліктің заманауи жаңғырған түрі деп ұғынамыз. Медиация талаптары дауласқан тараптар үшін өте қолайлы. Мұнда қос тарап ортақ мәмілеге келіп, істі өз арасында бітімгершілікпен  шешеді. Халықтың  арасында  көптеген кездейсоқ келіспеушіліктердің алдын –алу  үшін  біріншіден шешімі табылатын әрбір дауларды  сотқа шағымданбай, медиатор көмегіне жүгінуге болатындығын халыққа ұғындыру біздің басты мақсатымыз болып саналады.

Осы тұрғыда бар заңды құжаттарды халыққа кең көлемде түсіндіріп,  ақпарат беру үшін  Индер және Исатай аудандарында  семинар тренинг ұйымдастырылды.

Оған аудандық келісім  кеңестерінің төрағалары мен мүшелері, аудандық Аналар кеңесінің  төрайымдары мен мүшелері, ауыл әкімдері шақырылды.

Оларға Медиация туралы кеңінен  ақпарат беріліп, отбасында туындайтын дауларды шешу және олардың  алдын алу; отбасыларға  жан-жақты  көмек көрсету; Психологиялық және заңды кеңес беру; некеге тұруды жоспарлаған жас жұптарға медиативтік тәсілдерді үйрету; болашақ келіншектер мен енелерге арналған тренингтер және отбасындағы дауларды медиация арқылы шешу секілді мәселелер талқыланды.

Сонымен әр этностың материалдық, рухани құндылықтарын олардың әлеуметтік, саяси сипаттамаларын саралау, конфликт барысындағы түрлі әрекеттерін бағалау мүмкіндіктерін тусіндіру мақсатында арнайы Астана қаласынан білікті Медиатор Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі жанындағы «Қоғамдық келісім» Республикалық мемлекеттік мекемесінің медиация секторының меңгерушісі  Усипбекова Жанар Жолдасбайқызы шақыртылды.

Семинар тренингтер  барысында  аудандарда бірқатар ой-толғаулар қозғалып, қатысушыларда өз пікірін ортаға салып ұсыныстарын білдірді.

Айталық, Индер ауданындағы Елтай ауылдық округінің зейнеткері, ауданның құрметті азаматы Темірболатов Тасқали ағамыз:  «осындай семинар тренингтер көп болып, халықты бір жақты бітімгершілікке тартып, екі жақтағы қандай да болмасын дауларды сот жүзінде емес, медиация тарапынан ауызбіршілікке келетіндей жағдай жасаса, халық арасында өзара достастық нығайып ертең күнге деген сеніміз ұлғая түсетіні сөзсіз»,- деді.

Сондай-ақ, Индер ауданы әкімі жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы – Жұқиев Серік Жұқаұлы осындай күрделі тақырыптағы семинар тренингті Индер ауданынан бастап, халыққа кең көлемде мағұлмат бергені үшін Усипбекова Жанар Жолдасбайқызы на өз ризашылығын білдірді

Исатай ауданының мәдениет үйінің меңгерушісі  С.С.Меңдіғазиев өз сөзінде бұл – медиацияның қазіргі заман талабына өте қолайлы екендігін айтты, дауласуға тұрмайтын жәйттер үшін адамдар  заңға  жүгініп, екі тарап бір – бірімен  жауласып жатады. Осындай тұрғыда екі жақты да бір шешімге келтіріп, кешірімдестіретін, Медиатор азаматтар мен азаматшаларымыз көбейе берсе  екен дейді.

Исатай аудындық қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы- Карабалина Роза Ибрайымқызы: зал төрінде сөз сөйлеуден қалыс қалмады.

«Ауданымызда халық көкейіне ұғынарлықтай өте жақсы тақырыптарда семинар тренинг өтті. Елбасының жолдауындағы осындай күрделі тақырыптардағы мәселелер семинар тренингтердің арқасында   аудандарымызда жиі өткізіліп тұрса деген ұсынысын  білдірді. Қазір жастарымыз кітап оқымайды, жаңалықтар тыңдамайды, көгілдір экран беттерінде көрсетілетін маңызды бағдарламаларға  аса мән бермейді, сондықтан,  осындай тәжірибе жүзінде  видеороликтер мен көңілге қонымды баяндамалар арқылы  көрсетілетін семинарлар жастарымыздың ойына – ой, жүректеріне иман ұялататына кәміл сенімдімін»,- деп өз сөзінде айтып өтті.

Әдеттегідей  аудандарда өткен екі күнге созылған семинар тренингтің маңызы өте зор болды.  Қарапайым халық  Елбасының қазіргі заманғы жаңғыру саласындағы тақырыптарға оң  көқарас танытты және  арнайы  білікті мамандарды шақыртып, өзіндік идеяологиялық ой-пікірімен  халық арасында  кеңінен бөліскені  үшін  Қазақстан халқы Ассамблеясына және Атырау облысы  әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ-нің  басшысы Аман –Турлина Тамара Өтегенқызына   аудан ақсалдары ақ батасын берді. Семинар соңында  қатысушыларға арнайы дайындалған сертификаттар табыс етілді.

 

Атырау облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Дата события Ассамблеи: 
Сейсенбі, 22 Тамыз, 2017

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.