Герольд Бельгер туралы кітап

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Қазақстан немістері қоғамдық ұйымдарының қауымдастығы көпшілікке жаңа жобасын – «Қазақстанның белгілі немістері» өмірбаяндық және көркем-библиографиялық кітаптардың алғашқысын ұсынды.

Қазақстан немістері еліміздің әр саласында – білім, ғылым, мәдениет және экономикаға айтарлықтай үлес қосты. Бұл сериямен шығатын жарияланымдардың кейіпкерлері де солар болмақ.

Бірінші кітап «Герольд Бельгер: Такая выпала стезя» деп аталады.  Ол белгілі жазушы, аудармашы, эссеші, қоғам қайраткері Герольд Карлович Бельгерге арналған. Тарихшы Владимир Ауман оның өмірі мен шығармашылық жолын тұтас бір халықтың – ресейлік немістердің қасіретті тағдырымен ұштастыра отырып сипаттайды. 

Авторлар ұжымы Герольда Карловичтің отбасына – зайыбы Раиса Закировна Хисматулина мен қызы Ирина Ковалеваға кітап дайындауға белсене атсалысқаны және отбасылық мұрағатты пайдалануға рұқсат еткендері үшін ризашылығын білдіреді. Сондай-ақ, қаржылай қолдау көрсеткені үшін  Германияның  федералдық ішкі істер министрлігіне алғыс айтты. 

Кітапты оқығысы келгендер мына сілтеме бойынша таба алады: http://www.wiedergeburt.kz./images/book/Hervorragende_Deutsche_Kasachstans__Belger.pdf

Дата события Ассамблеи: 
Жұма, 8 Қыркүйек, 2017

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.