Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы дөңгелек үстел өткізді

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын талқылау бойынша біріңғай Республикалық күн аясында дөңгелек үстел өткізді.

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы конституциялық реформаны, Үшінші жаңғырудағы экономикалық өзгерістерді шектеулі түрде толықтыратын және мәні жағынан Қазақстанды сәтті дамытудың жаңа идеологиялық платформасы болып табылатын Елбасының жолдауын жоғары рухпен қабылдады.

Ал іс-шараға қатысушылар арасында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының белсенділері мен құрылымдары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, облыс қоғамдастықтары Мемлекет басшысының осы Жолдауының Қазақстан үшін жаңа дамудың тарихи кезеңіндеігі өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті.

«Біздің ойымызша, Нұрсұлтан Назарбаевтың идеяларын жүзеге асыру, бағдарламада аталған әрекеттерді және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында ескертіліп өткен басымдылықтарды нақты ұстану мемлекеттің әлеуетін нығайтуға өз серпінін беріп, адамзаттық капиталдың дамуына, ұлттық бірлік пен бірегейліктің қалыптасуына, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін болады» - деп, отырыстың модераторы, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі М.Қ. Жақыпова ескертіп өтті:

Көкшетау қ. №1 сервистік-техникалық колледжінің директоры Л. Дробышева өз сөзінде Елбасының мақаласы біздің өткенімізге баға беріп, болашаққа жол ашатынын, ұлттың рухани жаңғыруының бағдарламасына айналатынын атап өтті.

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облысы әмбебап ғылыми кітапханасы директорының м.а Галина Савенкова «Сандық Қазақстан» және «Туған жер» мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру бойынша Ақмола облысы кітапханаларының жұмысы туралы ақпаратпен бөлісті. "Жаңа гуманитарлық білік. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" бағдарламасын іске асыру туралы Ақмола облысының оқыту-әдістемелік орталығының басшысы Қаратай Төлекеев айтып берді.

Ақмола облысы өлкетану мұражайы директорының орынбасары Алма Құнанбаеваның баяндамасы қызықты болды. Ол жергілікті нысандар мен қоныстарға бағытталған «Туған жер» бағдарламасын іске асыру аясындағы мәдени нысандардың қызметіне тоқталды, сонымен қатар әрбір Қазақстанның жүрегінде орын алуға тиісті Қазақстанның рухани аруақ қонған жерлері туралы айтты.

Қоғамдық пікір көшбасшысы Мұқитанов Сансызбай Кішібайұлы Мемлекет басшысының басты ұстанымдарын белгіледі: «Даму және Президент жазып өткен экономикадағы басты міндеттерге қол жеткізу, ал ең бастысы, әрине, заманауи әлемнің дамыған елдері қатарына қосылу».

Осылайша, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының белсенділері, облыстың қоғамдастығы Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың мақаласын қолдай отыра, Президент орнатқан міндеттерге қол жеткізу үшін бар күшін салатын болады.

 

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.